2016-2017 жылдары Жаңақорғанда 46 АШӨК құрылды

Жаңақорған «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы бойынша басқа аудандардың алдында тұр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.

Бағдарлама аясында былтыр 744 бас сиыр, асыл тұқымды ет бағытындағы 26 бас бұқа сатып алынды. Несие көлемі – 130,6 млн теңге. Ал «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 572 бас аналық қой, 65 қошқар сатып алынды. Несие көлемі – 16 млн теңге. «Құлан» бағдарламасы бойынша 75 бас аналық жылқы және 5 айғыр сатып алынды. Несие көлемі 17,4 млн. теңге.

– 2016-2017 жылдары 46 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, соның 9-ы 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған. Басым бөлігі ет, сүт өндіру бағытында, - деді аудан басшысы.

ДӘУЛЕТ 15 ақпан 2018 г. 838 0