САПАЛЫ СУ – ДЕНСАУЛЫҚ ДӘРУІ

Өткен жылы аудандар мен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер әкімдерінің есепті кездесулерінде ауызсумен жабдықтау туралы бірнеше мәселе көтерілген еді. Жыл бойы бұл мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, тұрғындардың талап-тілегін орындауға қадам жасалды.  
Арал ауданының Шөміш, Абай, Қарашалаң елді мекендеріне ауызсу жүйесін жүргізу  «Арал ауданы Тоқабай-Абай елді мекенін сумен қамту жүйесінің құрылысы» жобасына 2018 жылы жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге  облыстық бюджеттен 47766 мың теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжат әзірленген соң, 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Шөміш елді мекені бойынша Арал ау­дандық әкімдігі тарапынан жоба-сме­талық құжат әзірлеуге аудандық бюджеттен 2018 жылы 9950 мың теңге бөлу жоспарланған. Жоба-сметалық құжат әзірленген соң, инвестбағдарламамен іске асыруға «Арал» филиалына ұсынылатын болады.
 Жалағаш ауданының Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекеніндегі ауызсу жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу  2018 жылы аудандық бюджет есебінен мемлекеттік сараптамасымен жоба-сметалық құжат әзірлеуге 4,1 млн теңге бөлінді.
Шиелі ауданының Телікөл және Тартоғай ауылдық округтерінің ауызсуын «Жиделі» топтық су құбырына қосу жұмыстарын аяқтауға қаржы бөлу Шиелі ауданы «Жиделі» топтық су құбырына 8 елді мекен (Алғабас Алмалы, Бидайкөл, Тәжібаев, Бала би (Телікөл), Жөлек, Бәйгеқұм,  Досбол би) қосу жұмыстары 2013 жылы басталған. Су ресурстары комитеті арқылы жүргізілуде. Жобаның сметалық құны 4,05 млрд теңге, 2013-2016 жылдар  аралығында барлығы 1,511 млрд теңге қаржы бөлініп, игерілді. Қалған қажетті қаржы 2,2 млрд теңге.
2016 жылы 3 елді мекен қосылды (Бидайкөл, Алғабас, Алмалы). Қалған   5 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін 2017 жылы 800 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға келесі жұмыстар атқарылуда:
- Досбол би елді мекенінде 4,2 шақырым қыстақішілік және 0,5 шақырым сервистік желілер;
- Тәжібаев елді мекеніне дейінгі «Жиделі» топтық су құбырының      6,7 шақырым тармағы;
- Бала би елді мекеніне дейінгі «Жиделі» топтық су құбырының 11,8 шақырым тар­мағы мен насостық станцияның құрылысы.
Құрылыс-монтаждық жұмыстарын жалғас­тыруға 2018 жылы  400 млн теңге, 2019 жылы 857 млн теңге, 2020 жылы 200 млн теңге бөлу жоспарланған.
Шиелі ауданының Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек, Тартоғай, Сұлутөбе, 1 Мамыр және Бірлестік елді мекендеріне ауызсу жүргізу  Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек елді мекеніндегі 8 ауылды «Жиделі» топтық су құбырына қосу жобасымен шешіледі.
2017 жылы облыстық бюджеттен Тартоғай, Шоқай, 1 Мамыр және Бірлестік елді мекендерінің сумен қамту жүйесін жаңғырту және «Тақыркөл» бас су қоймасынан №3 СКНС-ке дейін су та­­сымалдаушы су құ­быры құры­лы­сының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 82,4 млн теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда 1 Ма­мыр елді мекені бойынша жоба-сме­та­лық құжат мем­сарап­тамасымен әзірленді. 2018 жылы ОДСП «Арал» филиалының инвестбағдарламасына  және Өңірлерді дамыту бағдарламасымен республикалық бюджетке ұсынылатын болады.
М.МЕРЕЙ.
ДӘУЛЕТ 06 ақпан 2018 г. 830 0