АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІ 100 ПАЙЫЗҒА ИГЕРІЛЕДІ

Егін және мал шаруашылығын дамыту үшін бірінші кезекте ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану керек екені белгілі.Бүгінде аудандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің 30 пайызы ғана игеріліп отыр. Негізінен, осы жерлерді толық игеруге ауданның мүмкіндігі мол және жер көлемі де жеткілікті.

Ол үшін бірінші кезекте олардың бойындағы каналдарды құжаттандыру керек болатын. Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 153 млн. теңгеге аудан аумағындағы 89 ішкі шаруашылық каналы,463 карталық су арықтары, 471 карталық су тастау (сброс) жүйелері құжаттандырылды. Қазіргі таңда каналдар аудандық меншіктен республикалық меншікке өткізілуде. Бұны болғаннан кейін оларға рет-ретімен механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Каналдарды тазалап болған соң ауыл шаруашылығы жерлерін 100 пайыз айналымға қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді. Өткен жылы жер учаскелерін пайдаланбаған 28 жеке және заңды тұлғалардан 19809 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

ДӘУЛЕТ 01 ақпан 2018 г. 636 0