«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТУДЕ

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамуды қолдау Үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданып, өңірімізде бірқатар бағыттарда жүзеге асырылып, облыс кәсіпкерлеріне бірнеше бағытта мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде. Атап айтқанда:
-пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиені ішінара кепілдендіру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдау, кәсіпкерлік әлеуетті күшейту және жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну.
Аталған бағдарламаның тиімділігіне келетін болсақ.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 2010-2012 жылдары 94 жоба субсидияланған болса, тек қана 2013 жылы  83 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен мақұлданды.
Аталған бағдарламаның шеңберінде, 2010 жылы құрылып, тігін өндірісімен айналысып келе жатқан «Саңыраулар оқу-өндірістік кәсіпорын» ЖШС-ның негізгі құралдар  алуға бағытталған несиесі субсидияланды. Алынған несие қаражатына кәсіпорын тігін өндірісіне қажетті тігін машиналарын, негізгі құралдар алуға бағыттап және жаңа 11 жұмыс орынын ашты.
Сондай-ақ, несиені ішінара кепілдендіру бағыты бойынша 2010-2012 жылдары 6 жоба ішінара кепілдендірілсе, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 17 жоба Аймақтық үйлестіру кеңесімен қолдау тауып өз жұмыстарын бастап кетті.
Берері мол бағдарламаның іске асырылуы облыс экономикасына және кәсіпкерлік әлеуеттің дамуына айтарлықтай өз септігін тигізіп келеді. Атап айтсақ, биылғы жылдан бастап бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нысаналы гранттар тағайындалып, бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 3 000 000 теңгеге дейін грант қаражаты берілуде. Аталған бағыт бойынша 2013 жылы 14 жоба аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданды және бірінші болып Қызылорда облысында бағдарлама шапағатын көрген келесі жобалар болып табылады:
Өндіріс саласы бойынша, «Қызылорда қаласында полистирольді пенопласт бұйымдарын шығаратын өндіріс ұйымдастыру» жобасы. Сондай-ақ, «Пенополиуретан құю өндірісін ұйымдастыру» жобасы. 
Қоршаған ортаны сақтау мақсатында, жобаланған «Құрамында сынабы бар улы-энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру» жобасы.
Аталған жобалардың барлығы Қызылорда қаласының өнеркәсіптік алаңындағы бизнес-инкубаторда орналасқан.
Сондай-ақ, бағдарлама шеңберіндегі тағы бір өзгеріс, «Старт-ап» жобалар компоненті, кәсіпкерлер мүлкін екінші деңгейлі банкілерге кепілге қоймай, тек қана 36 пайыз көлемінде өз қаражатын кепілге қойып (собственное участие), қалған 66 пайызы мемлекет тарапынан ішінара кепілдендіріледі. Несие 20,0 млн. теңгеге дейін беріледі. Бұл өз кезегінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге тиімді болып табылады. 
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2013 жылы облысымызда индустриалды аймақ және өнеркәсіптік алаң  ұйымдастырылып, сонымен қатар жалпы сомасы 870,3 млн. теңгені құрайтын 4 жобаның, өндіріске қажетті инфрақұрылым жүйелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. 
Сыртқы нарыққа өнімін шығарушы кәсіпорындардың валюталық несиелері бар кәсіпкерлерді қолдау бойынша аймақтық үйлестіру кеңесімен 1 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Қуат» ЖШС-ның негізгі құралдар алу жобасы болып табылады.  
Қызылорда қаласында және аудандарда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының кәсіпкерлерді қолдау құралдарын түсіндіру бойынша семинар-тренингтер өткізіліп, 97 рет  презентация жасалды.
«Бизнес кеңесші» жобасы аясында 881 тыңдаушы қатысқан 25 тренинг өткізіліп, 7 рет «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аудандық елді мекендерге бағдарлама шарттарын насихаттау, түсіндірме жұмыстарын өткізу мақсатында кәсіпкерлікті қолдау орталығының мобильді тобы 42 рет сапарға  шығып, 557 кәсіпкерге кеңес берілді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы жалпы 999 кәсіпкерлмен жеке тұлға кеңес алды.
Бағдарламаның іске асырылу нәтижесінде 2013 жылдың ІІ тоқсандағы жағдайы бойынша ашылған жұмыс орындарына тартылғандар саны 1408 адамды құрап,  бюджетке түскен салықтар 2010 жылы – 1,435 млрд. теңге, 2011 жылы 1,563 млрд. теңге, 2012 жылы 1,655 млрд. теңгені құрады.
ДӘУЛЕТ 13 ақпан 2014 г. 1 393 0