БАСЫМ ДАҚЫЛДАРДЫ СУБСИДИЯЛАУ ТУРАЛЫ

 Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне немесе кооперативтеріне Қағидаларда белгіленген тәртіпке  сәйкес, егістік жерлерді өңдеп өсірілетін себілген басым ауыл шаруашылығы  дақылдарының алаңдарына, шабындық және жайылымдық алқаптарды шалғындандыру немесе түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптердің алаңдарына төленеді.
Субсидиялар белгіленген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша  1 тоннаға және (немесе) субсидиялар нормалары бойынша 1 гектарға төленеді.
Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
1)Майлы дақылдар бойынша – қайта өңдеу  кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған майлы дәндердің 1 тоннасына 100 пайыз.
2)Күріш, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, бір жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда) бойынша – егіс  науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 пайыз.
Күріш өсірумен айналысатын және 200 гектардан кем күріштің егіс алаңы бар  ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге, егер олар ауыл шаруашылық кооперативіне  мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50 пайыз мөлшерінде субсидия төленеді;
Қорғалған топырақ жағдайында (теплицада)  өңдеп өсірілетін көкөніс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: біріншісі – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейін және екіншісі – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін (қысқы-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер).
- Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі  өтінімдерді қабылдауды тиісті жылдың  1сәуірінен бастап қабылдайды.
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер және (немесе)  ауыл шаруашылығы қооперативтері осы осы көрсетілген мерзімдерде өтінімді және нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар  екендігі туралы анықтамасын бір данадан ұсынады.
Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілер және (немесе) ауыл шаруашылық кооперативтері өтінімге қосымша:
- Қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;
- Қайта өңдеу кәсіпорны  шеккен шығындарын  (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
- Қорғалған топырақта  көкөніс  өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер және (немесе)  ауыл шаруашылығы кооперативтері  субсидиялар алуға арналған тізімге  қосу үшін өтінімде жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті органның  жылыжайдың (қорғалған топырақ  ғимаратының) болуымен жұмыс алаңының қөлемі туралы техникалық паспортының  бар болуына  қатысты мәліметтерді қосымша көрсетеді.
Субсидияларды төлеу: майлы дақылдар, қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсірілетін көкөніс  дақылдары бойынша  тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейін;
- Күріш, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, бір жылдық шөптер ( дәнді масақты дақылдарды қоспағанда), бойынша тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін жүзеге асырады.
Қосымша мәліметтерді облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасынан алуға болады. Байланыс телефоны: 60-54-42, Электронды адрес: usx@korda.gov.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
ДӘУЛЕТ 29 маусым 2017 г. 901 0