Түйежоңышқаны ауыспалы егіске пайдалану бүгінгі күн талабы

Түйежоңышқаны ауыспалы егіске пайдалану бүгінгі күн талабыЕліміз қабылдаған әлеуметтік−экономикалық орнықты дамуға көшу туралы ұлттық бағдарламада басымдық беретін негізгі бағыттардың бірі ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы−егіншілік  саласын көтеру болып отыр. Демек, алдымызда Арал өңірінде  суармалы егіншіліктің мәдениетін жоғарғы сатыға көтеріп, жалпы дамуға өзіміздің қомақты үлесімізді  қосу міндеті тұр.
Мұндай күрделі істің орындалуы оңай шаруа емес. Әйтсе де соңғы жылдары ел Президентінің осы бағыттағы салиқалы саясатымен қолдауының арқасында аймақ басшылығының тыңғылықты істерінің нәтижелері Арал өңірінде әлеуметтік−экономикалық дамудың әлеуеті мықты екенін көрсетеді. Соңғы жылдары Қызылорда облысы Қазақстан бойынша орнықты дамудың алдыңғы қатарындағы озат орындардың бірін иемденуі соның айғағы болса керек. Олай болса, Арал өңірінде егіншілік  саласының әлеуеті экономиканы нығайтуға белсенді қызмет етеді деп сенеміз.
Арал өңірінде егіншілік суармалы екені белгілі. Далалы аймақтардағы тәлімі егіншілікпен салыстыратын болсақ, суармалы жермен жұмыс істеу өте қиын. Өйткені, жер пайдалану мен өнім  алу тұрақты болады. Соған орай, мұнда егіншілік көп салалы, яғни, алуан түрлі дақылдар егіледі, оның ішінде суға бастырып егетін күріш дақылы да бар. Кеңес үкіметі Арал өңірінде  күріш өндірісін көбейту мақсатында суармалы жерді пайдалану инженерлік жүйеге келтірілді. Ірі көлемде суару−қашыртқы жүйелері салынды, ауыспалы егістер енгізілді.
Ауыспалы егісте күріш дақылы  жыл қатарынан егілгеннен кейін құрғақта өсетін басқа дақылдармен алмастырылып отыруы қажет. Егер күріш бір жерде  жыл немесе одан да көп жыл бойы үздіксіз егілсе, ол танаптарда күрмек, шиін, доңызқоға секілді арамшөптер көбейеді. Сонымен бірге топырақта ауа−корек−су режимдері өзгереді. Осыған сәйкес топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды, қара шірінді, қоректік заттар мөлшері жылдан жылға азая береді.
Арал өңірінде ұзақ жылдар бойы күріш өсірілуіне байланысты суармалы жерлерде жер асты суларының деңгейі көтеріліп, минерализациялануы артты, мелиоративтік жағдайы нашарлап, топырақтың тұздануы күшейе түсуде. Осындай себептерден, айналымдағы 286 мың гектар жердің , мың гектарының мелиоративтік күйі нашарлап, , мың гектары кәдеге жарамай айналымнан шығып қалды. Бұл үлкен проблема жоспарлы экономикадан бізге қалған жағымсыз мұра болды.
Арал өңірінің суармалы алқаптарында суаруқашыртқы жүйелерін үздіксіз жұмыс істейтіндей тәртіпке келтіру, ауыспалы егістердің танаптарын ықшамдап, дақылдардың алмасу ретін қалпына келтіру, егілетін дақылдардың түрлерін көбейту, жер асты ыза суының деңгейін төмендету, егінді суару нормасын қатаң сақтау, тыңайтқыш қолдануды агрохимиялық картограммаға сәйкес жүргізу жұмыстарын кешенді орындау қажет. Ең бастысы, топырақты жасаң органикалық затпен байытып, оның биологиялық белсенділігін күшейту болып табылады. Сонда ғана еткен еңбек, төгілген тер сапасы жоғары мол өнім түрінде қайтатыны сөзсіз. Сондықтан, әсіресе, мелиоративтік жағдайы азғындаған, қайта сорлана бастаған танаптарда топырақтың органикалық қорын қалпына келтіру қажеттілігі туындайды. Әрине ғылымда дәлелдегендей гектарына 30-40 тонна көң беру тәсілі бүгінгі таңда мүмкін болмай тұрғаны баршаға белгілі. Себебі бұрынғыдай ірі шаруашылықтарда тиісті түрде болатын мал фермалары жоқ. Осы орайда күріш ауыспалы егісінде топырақта мол органикалық қалдықтар түзіп, оның құрамын жас тыңайтқыштармен байытатын көпжылдық шөптердің ролі орасан зор.    
Арал өңіріндегі суармалы жерлерде топырақты органикалық затпен байытатын маңызды фитомелиорант ретінде қолданыста жүрген бұршақ тұқымдас дақылдың түрі екеу, олар жоңышқа мен түйежоңышқа. Соңғысы кең көлемде егілмей жүр.
Түйежоңышқа  2 жылдық өсімдік. Оның ақ, сары және жоңышқа тәрізді түрлері бар. Арал өңірінде қолданыста жүргені сары түйежоңышқа. Мұны әмбебап дақыл десе де болады. Өйткені, дихандардың барлық талаптарына сай келеді. Түйежоңышқа жер талғамайды, әсіресе, ескірген, тұздана бастаған, құнары жоқ топырақтарда да өсе береді. Тамыры күшті, терең кетеді, тамыр түйнектеріндегі бактериялар azotobacter атмосферадағы молекулярлық бос азотты жинап, топырақты азотпен байытады, құнарландырады.
Бойы биік, өте көп вегетативтік масса жинайды. Ол керемет белокты мал азығы пішен бола алады. Бірақ құрамындағы фитонцид заты кумариннің сары түйежоңышқада оның мөлшері ,−, жағымсыздау иісі бар. Алғашқыда мал оны аздап жейді, кейін үйренген соң құнығып жейтін болады. Сауын малдың майлы сүті көбейеді, бойдақ мал тез семіреді. Тағы ұнамайтын ерекшелігі оратын мерзімі өтіңкіреп кетсе, сабағы қатып, ағаштанады, жапырақтары түсіп, дәні төгіліп қалады. Оны болдырмау үшін түйежоңышқа гүлдей бастағанда ору керек. Сонда сабағы жұмсақ, жапырақтары түспейді, керемет дәмді шөп береді. Оған қосымша гектарына 300 центнерден жоғары түзетін көк балаусасын әртүрлі микробиологиялық қоспалар қосу арқылы құнарлы сүрлем жасап мал азығына пайдалануға болады. Ең бастысы оның өсу дәуірі екі-ақ жыл болғандықтан екі жылдан кейін өсу дәуірін тоқтатады да, шіри бастайды. Яғни, алғы дақыл ретінде өзінен кейін егілген тек күріш ғана емес басқа да ақ дақылдарға қажетті қорек алуына және жоңышқа сияқты қаббатасып өсіп кедергі жасамай, керісінше қолайлы жағдай туғызады. Керек десеңіз бұл танаптарда минералды тыңайтқыштар пайдаланбай-ақ экологиялық таза өнім алуға қол жеткізуге болады.
Түйежоңышқаның дәні  жоңышқаның дәнінен сәл ірілеу. Бір гектар жерге 8 келі тұқым себіледі, оны −3 см тереңдікке тастайды. Сонымен бірге түйежоңышқа егісінде бал аралары сапалы бал жинайды. Түйежоңышқаны бір жылдан кейін жасыл тыңайтқышқа пайдалануға болады.  
Арал өңіріне сары  түйежоңышқаның келгеніне де көп уақыт болды. Алғашқы жылдары жүргізілген тәжрибеде: бірінші жылы гектарына 3 − 3 центнерден, ал екінші жылы −  центнерге дейін жасаң шөп берді. Топырақтың айдау қабатында қалған тамыр массасында гектарына 4 −6 келіге дейін азот жиналғаны анықталды. Екі жылдық түйежоңышқаның шымын айдап, күріш еккенде оның гектарлық өнімі 6 центнерден айналды. Бұны әрине тәуір көрсеткіш деуге болады. Оның тағы бір тиімді қасиеті, оның жас өскіндері тез бойлап өсіп, арам шөптерді құртып жібереді. Оны сидерат ретінде пайдаланғанда топырақта  органикалық зат көп жиналады. Осы қасиеттері түйежоңышқаның егіс көлемін көбейту арқылы суармалы жерді экологиямелиоративтік сауықтырып, құнарлы мәдени топырақ жасауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, осыншама жақсы қасиеттеріне қарамайоның егіс көлемі өндірісте жоқтың қасы. Олай болуының басты себебі аймақта аудандастырылған түйежоңышқа сорттары шөбінің құрамында мал сүйсініп жей алмайтын кумарин қышқылы мөлшерінің жоғары болуы әсер етіп отыр.
Бүгінгі таңда түйежоңышқа дақылын күріш ауыспалы егісінің жаңа үлгілеріне енгізуге қолайлы жағдай туып отыр. Себебі, Қазақстан ғалымдары құрамында кумарин қышқылының мөлшері өте аз, жапырақтары түспей сақталатын, сабақтары жұмсақ, мал сүйсініп жейтін «Сарайшық» сияқты түйежоңышқаның сорттарын шығарды. Осы тұрғыда айта кету керек, Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу инстиутының ғалымдары талаптарға сай түйежоңышқаның «Приаральский 19», «Балауса» сорттарын шығарып, өндіріске енгізе бастады. Бір сөзбен айтқанда түйежоңышқа дақылы, оның жаңа сорттары облыс аймағының егіс алқаптарында өз орнын тауып, өңірдің экологиялық ақуалын, ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикасын жақсартуға ықпалын тигізетін дақыл болтыны анық деп есептейміз.
Қадірлі дихан қауымы! Аз шығын жасап, мол сапалы өнім алам десеңіз ауыспалы егістің тиімді үлгілерін игеріп, өсімдік шаруашылығын әртараптандыра отырып, түйежоңышқа сияқты егіншілік мәдениетін, тиімділігін күрт өзгертетін дақылдарды өндіріске енгізуге өз үлесіңізді қосыңыз.
Ә.М.ТОҚТАМЫСОВ а.ш.ғ.д.,
ҚР АШҒА корр-мүшесі.
К.ШЕРМАҒАМБЕТОВ, а.ш.ғ.д.
ДӘУЛЕТ 15 мамыр 2017 г. 983 0