« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Оқыту үдерісін оқытушы мен білім алушының жүздесуі арқылы ұйымдастыруының орны ерекше. Дегенмен, заман талабына сай, технологияның дамуы оқытудың басқа формаларын да енгізудің қажеттілігін туғызып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде біздің университет те қашықтықтан оқыту технологиясына көшірілді. Осыған байланысты оқытудың бұл формасын қолданудың тиімді жолдарын іздестіру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту үдерісінде түрлі платформалар қолданылуда. Бірақ, біз ол туралы мәселені қозғамаймыз. Біз меңгеретін мамандықтың ерекшелігін білім алушылардың зерттеушілік, ізденімпаздық қабілеттерін дамытуға бағыттап, сапалы нәтиже алу жолдарын қарастырдық. Физика эксперименттік ғылым болғандықтан, оны оқытуда эксперименттің алатын орны ерекше. Дегенмен, қазіргі заманғы ақпарат ағымының молдығы мен техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сапалы білім беруде бұл мәселені ішнара шешуге болатынына көз жеткіздік. Қашықтықтан оқыту үдерісінде білім алушылар тапсырмаларды орындау барысында туындаған мәселелерге байланысты оқытушымен кез-келген уақытта байланысқа шығуына мүмкіндік жасалған. Осының нәтижесінде әдетте аудиторияда белсенділігі төмен білім алушылардың жауапкершілігі, өздеріне деген сенімділігі артып, белсенділік таныта бастады. Тапсырмалар мен қойылған сұрақтардың жауаптарын бейнежазбамен жолдау кезінде өз ойларын жүйелі, түсінікті жеткізуге көп мән беріп, дауыс ырғағын дұрыс қоюмен жұмыс жасауда. Бұл болашақ педагог үшін өте маңызды қасиеттер. Сонымен қатар, білім алушылардың барлығының тапсырманы орындағанына көз жеткізіп, түгел бағалауға мүмкіндік туындады.
Енді кейбір пәндерді қашықтықтан оқытудағы өз тәжірибемізбен бөлісе кетсек. Болашақ физика пәні мұғалімдерін даярлауда білім алушылар орта мектептің физика курсында жасалынатын экспериментті сабақта, қалай қолданудың әдістемесін виртуальды эксперименттің көмегімен меңгеруде. Бұлай оқытудың тиімділігі - білім алушы кез-келген уақытта құрал-жабдық болған кезде виртуальды эксперименттегі тәжірибені еш қиындықсыз қайталай алады. Себебі, олар осы құралдардың барлығымен осы кезге дейін де зертхана жұмыстарын жасап көрген. Әсіресе, білім алушылар өз бетінше жұмыстар жасауда жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Мысалы, тақырыптарға сәйкес ғаламтор желісіндегі дидактикалық талаптарға сай түсірілген орыс, ағылшын тіліндегі бейнематериалдарды қазақша дыбыстау, немесе үй жағдайында орындауға болатын физикалық эксперименттерді сабақ барысында қолдануға болатындай бейнероликке түсіру сияқты тапсырмаларды сапалы орындауда. Білім алушылар осындай тапсырмаларды қызығушылықпен, сапалы орындады. Мұның барлығы оқытушының тікелей жетекшілігімен жасалғандықтан, келешекте физиканы оқытуда оқу материалдары ретінде қолдануына болады.
Сапалы мамандар даярлау барысында заманауи білім беру формаларын білім алушыға қолайлы, тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын көтеру өз қолымызда.
Айгүл Алмағамбетова,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, п.ғ.к.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |