« Қыркүйек 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде.
Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей, жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту заман талабы болып отыр.
Қазір заман ағымына байланысты білім алудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Олардың бәрін бірдей тиімсіз деп жоққа шығаруға болмайды. Соның бірі ретінде осы қашықтықтан білім берудің жүйесін айтуға болады. Бұл өзі ақпараттық технологияның дамуымен бірге пайда болып отырған дүние. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген.
Қашықтықтан оқу – ерекше оқу түрі болып табылады. Себебі қашықтықтан оқу жағдайында мұғалім интернет желісінің көмегіне сүйеніп, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақты ұйымдастырады.
Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?
Қашықтықтан оқыту дегеніміз – оқу үдерісінің барлық құрылымдық бөліктері (оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, оқу құралдары) енгізілген және арнайы Интернет немесе басқа да интерактивті құралдар арқылы жүзеге асатын мұғалім мен оқушының қашықтықтан қарым-қатынас жасауы арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.
Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып, бүкіләлемдік желі көмегімен барлық компьютерлерді бір желіге біріктіріп, сабақ өтуші тұлғаны тьютор деп атаймыз.
Қашықтықтан оқытуда жетекші рөлді интернет, ақпараттық технологиялары орын алады. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалімге оның негізгі қағидаларын білген жөн.
Қашықтықтан оқу қағидалары:
интерактивтілік қағидасы;
бастапқы білім қағидасы;
дараландыру қағидасы;
сәйкестендіру қағидасы;
оқуды регламенттеу қағидасы;
жаңа ақпараттық технологяидарды педагогикалық мақсатты қолдану қағидасы;
оқудың икемділігі және ашықтығын қамтамасыз ету қағидасы.
Бұл қағидаларды басшылыққа алу мұғалімге қашықтықтан оқуды сапалы ұйымдастыруға ықпал етеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша мұғалімнің негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Оқушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан оқушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Сонымен, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп, білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.
Жалғасбаева Гүлвира Шерғазықызы,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, п.ғ.м.
« Қыркүйек 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |