Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның онлайн режімде өтіп жатқан аппараттық кеңесінде айтты.
– Біріншіден, биылғы қыркүйекке дейін видеосабақтарды IV тоқсанның бағдарламасы бойынша ғана емес, барлық тоқсандағы тақырыптарға да түсіруіміз керек. Екіншіден, видеосабақтардың сапасы мен контентіне көңіл бөлуіміз қажет. Әрине сын сағатта шұғыл шешіммен жылдам түсіруді көздедік, енді алдағы уақытта видеосабақтарға тиісті мультимедияларды қосып, жоғары сапада дайындауға тиіспіз. Үшіншіден, видеосабақтардың ұзақтығын пәнге, сынып ерекшелігіне сәйкес қайта қарау керек. Біреуіне 10 минут жеткілікті болса, басқасына мүмкін 20 минут қажет шығар. Сондықтан осы тұрғыдан қарап, тиісті зерттеу жүргізіп, бір тұжырымдамаға келгеніміз дұрыс, – деді министр.