Ұстаз еңбегі ерен

Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты балаларымыз қашықтан оқып жатыр. Осы ретте халық мектеп пен ұстаздардың қадірін түсінгендей. 

Мен Ә.Молдағұлова атын­­дағы №173 орта мек­теп­тің қамқоршылық ке­ңесіне жетекшілік етемін. Кеңес мұғалімдермен, ата-аналармен тығыз байланыста. Аталған білім ошағында 1,5 мыңнан астам оқушы бар. Олардың қашықтан оқуы үшін жағдай жасалып, түгел дерлік ұялы телефон, план­шеттермен қам­тылды. «Whatsaap» же­лісі арқылы жұмыс істеп, қолжетімді электронды ре­сурстарды пай­далануда. Ата-аналар ұс­таздар қауымына тәнті болып, олардың еңбегі ерен екенін түсінді. Осы тұста ұстаз бен ата-ананың үйле­сімді бай­ла­нысы мені қатты қуантты.

Жұмыстың жүйелі ат­қа­рылуында мектеп ди­ректоры Г.Коңырбаева, оның оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Би­ма­нова, Э.Байна­зарова, Қ.Ал­таева, тәрбие ісі жөнін­дегі орынбасарлары М.Ис­ка­кова, Н.Омарбеков, М.Нәзікбаевқа, мек­теп әкім­шілігі мен барша ұс­тазға ата-аналардың алғысы шексіз.


Гүлшат МАХАНБЕТОВА,

мектептің  қамқоршылық кеңесінің төрайымы

Қызылорда қаласы.

Білім 11 сәуір 2020 г. 964 0