Коронавирусқа байланысты ҰБТ мерзімі өзгере ме? - министр жауабы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус пандемиясына байланысты ҰБТ өткізу уақытына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кесте бойынша, тестілеу әр жыл сайын маусым айының соңында өтеді. Сондықтан ҰБТ мерзімін кейінгі қалдырып, оны өзгертуге бүгінде еш себеп жоқ. Мамыр айына қарай елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарап осы мәселе бойынша нақты шешім қабылдаймыз", - деді Аймағамбетов онлайн-брифингте.

Білім 31 наурыз 2020 г. 481 0