« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Шет тілін үйрену және көптілді оқыту – бұл қоғамның, уақыттың қажеттілігінен туындап отырған мәселе. Қазіргі заманның талабы – көптілділік. Осы себептерге байланысты, Қызылорда «Болашақ» университетінің доценттері, филология ғылымдарынының кандидаттары Н.Е. Шумейко, С.Т. Тайманова және З.М. Атажанова «Читаем классику» атты оқу-әдістемелік құралын жарыққа шығарды.
Аталмыш кітап үш тілде оқитын студенттерге арналған құрал болып табылады. Кітапқа әлемдік классиктердің үш – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармалары енген.Авторлар Қорқыт Атаға, Оскард Уйальдтың «Бұлбұл мен раушан», Максим Горькийдың «Сұңқар туралы жыр», Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» және Шыңғыс Айтматовтың «Мәңгүрт туралы аңыз» шығармаларына ерекше назар аударған.
Әлемдік классикадан ұсынылған мәтіндер түпнұсқада берілген. Авторлардың пікірінше, кітап студенттердің оқу дағдысы мен білігін дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ аударма қағидаларымен таныстырады. Сондай-ақ мәтін соңынан берілген тапсырмалар студенттерді өз бетінше ізденуге дағдыландырады, мәтіннің танымдық, тәрбиелік мәнін ұғынуға ықпал етеді. Келешекте көркем шығарманың философиялық, психологиялық, эстетикалық мәнін түсініп оқуға бағыттайды.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |