Аграрлық ғылымның көшбасшысы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситеті еліміздің  ең ірі жоғары оқу орындарының қа­тарына кіреді. Ауыл шар­уашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі және ел эконо­микасының өзге де секторлары үшін мамандар дайындауда мол тәжірибесі бар. Соңғы жылдары универ­ситет әлемдік аренада өз позицияларын белсенді түрде жақсартуда. 

QS беделді агенттіктерінің бірі жасаған халықаралық рейтингте университет әлемнің 3500 осындай оқу орындарының арасында 700 үздік ЖОО тізіміне енді. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің рейтингісінде Қазақстанның 40 жоғары оқу орнының ішінен 5-орынға, ауыл шаруашылығы ЖОО арасында 1-орынға ие.  Уни­вер­ситеттің 19 ғалымы  «ТОП-50 үздік  оқытушылар» қатарына енді. Оқу орнының білім беру бағ­дарламаларының сапасына «Ата­мекен» Ұлттық Кәсіпкерлер пала­тасы оң баға бере отырып, 2018 жылы Қазақстандық аграрлық ЖОО рейтингісінде университетке құрметті бірінші орын берілді. Былтыр ЖОО-ның қажеттілігі ұлттық рейтингісінде С.Сей­фуллин атындағы ҚАТУ Қазақстанның «ТОП-20 жоғары оқу орны» арасында 3-орынды алды. Сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық же­лілердің толыққанды мүше агент­тіктерінде халықаралық аккре­дитацияға ие.

Университет ұзақ жылдар бойы 70 мыңнан астам маман даярлады. Қазір ЖОО-да 13 мың­нан астам адам білім алуда, оның жартысына жуығы – білім грант­ының иегері.

Еліміздің агроөнеркәсіп ке­шенін дамытудың мем­ле­кеттік бағ­дарламасына сәй­кес уни­вер­ситет елдің бар­лық өңірлері үшін кешенді цифрландыру орта­лы­ғына айналуы тиіс. Бұл ретте оқу орнын реформалауды  аграрлық бейіндегі әлемдік жетекші зерттеу университеттерімен әріптестікте жүзеге асыру болжанып отыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ақпа­ратты талдау дағдыларын қалып­тастыруға, индустрия мен білімді жақындастыруға, сондай-ақ ойлау­дың креативтілігін дамытуға баса назар аудару арқылы білім беру жүйесін жаңартуға кірісті.

Соңғы жылдары нақты егін­шілік пен аэроғарыштық мони­торинг технологиялары ел эко­но­микасының түрлі сала­лары­ның, әсіресе ауыл шар­уашылығының міндет­те­рін шешу үшін табысты қол­да­нылады. Қажетті базаның болуы және жеткілікті құзы­рет­тіліктің арқасында тапсырыс берушілерге ғарыш­тық мониторинг және болжау саласында қызмет көрсетеді. Жайылымдардың жай-күйі мен тозуын қоса алғанда, өсім­дік шаруашылығы саласының дамуы, су және орман ресурс­тарының жай-күйі мен дамуы, жерді пайдалану, табиғат қорғау қызметі мен төтенше жағ­дай­ларға сараптама жа­салды.

«ҚАТУ-2025» даму стра­те­гиясына сәйкес ЖОО-ның қызметі ел экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадр­ларды даяр­лау жүйесінің табысты және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жүйесін құруға бағытталатын болады. Бұл ретте білім алушыларға бірегей білім беру бағдарламасына сәйкес оқу бағытын, мазмұнын, нысаны мен мерзімдерін таң­дауға және халықаралық ынты­мақтастықты ке­ңейтуге, ішкі және сыртқы акаде­миялық ұтқырлықты дамытуға кең мүмкіндіктер беру көзделеді.

Университет аграрлық сек­тордың дамуына айтар­лықтай өз үлесін қоса отырып, Қа­зақстанның әлеуметтік эко­но­микалық дамуына да оң ықпалын тигізеді. Уни­верситет АӨК дамыту саласында бір­лескен ғылыми-зерттеулер жүр­­гізу үшін ірі кәсіби ­ғалым­дарды, бизнес орта өкілдерін ынты­мақтастыққа шақырады.

 

Ақмарал ТЕМІРОВА,

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 

кафедра меңгерушісі.

Білім 23 ақпан 2020 г. 1 091 0