Білім – баршаға ортақ құндылық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты стратегиялық жоспары білім саласындағы негізгі міндеттерді нақтылап берді. Барлық елді мекендегі азаматтардың сапалы білім алуына жағдай жасау, ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жою, балаларды қоғамға бейімдеу, жүктемелерді азайту сынды тапсырмалар бүгінгі білім саласы қызметкерлері үшін ерекше жауапкершілікті қажет етеді.

Президенттің үш тармаққа негізделген бағдарламасында білім саласы айрықша назарға ие болды. Жастардың жоғары білім алуына ұдайы көңіл бөле отыра, сұранысқа ие маман даярлау – бізге міндет.

Бүгінде білім саласынан туын­­дайтын басты міндет­терге қоса Мемлекет бас­шы­­­­сы­ның білімді ұрпақ тәр­­бие­­­леудегі баршаға ортақ, за­ма­науи білім беру стан­дарт­та­рын қалыптастыру керек. Осы істерді орындауда Сыр елінде бірқатар жұмыстар ат­қарылуда.

Қазіргі бәсекелестік уақыт­та әлемдік тәжірибелерді зерттеу арқылы білім тұжырым­дамасына жаңа тетіктер мен тың бастамалар енгізу кезек күттірмейді. Әлемнің белді мемлекеттері білім саласына капитал салу арқылы адами капитал сапасын көтеруде. Бұл ретте Қазақстанның білім кеңістігі жан-жақты зерттеуге көз салып, тәжірибе енгізуде. Аймақтар арасындағы өзара тәжірибе алмасулар, әрбір өңірдің өзіндік бастамалары білім саласын алға қарай дамытуда. Бұл бағытта Сыр елі білім саласында түрлі бастамаларға дайын. Оқу­шы­лардың білім деңгейін әлем­дік білім дәрежесіне дейін көтеруде облыстық білім басқармасы «Квантирум» және Сириус» құру тәжірибесін алғашқылардың бірі болып зерттеп, енгізді. Нәтижесінде Қызылордада жаңа технопарк ашылып, жастардың заманауи білім алуына жағдай жасалды.

Сыр елі білім саласындағы даму динамикасын ұдайы бақы­лауда ұстап, Президент айқындап берген межелі мін­деттерді уақытылы әрі нәти­жеге сай жұмыстар атқарады. Бұл өз кезегінде білім мен ғылымды дамытуды жаңа бір деңгейге көтереді.

Майра МЕЛДЕБЕКОВА,

облыстық білім басқармасының басшысы.

Білім 27 тамыз 2019 г. 1 201 0