Мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Павлодар облысының Железин ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде әйел адам 2018 жылдың қыркүйегінен бері жалған дипломмен жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Күдікті ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп жүрген. 2015 жылы 25 жастағы келіншек Шымкентте Ольга есімді әйелмен танысып, одан 200 мың теңгеге Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан- авт.) облысында жоғары білім алғаны туралы диплом сатып алған», - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің өкілдері.
 Павлодар прокуратурасының сауалына Түркістан облысынан университет ондай диплом бермегені жайлы жауап келген.
«Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, тиісті сараптамалар тағайындалған», - дейді департамент өкілдері.


Білім 31 мамыр 2019 г. 905 0