ЖАҢАШЫЛ ӨЗГЕРІСТЕР: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ, БІРЛІКТІ ИГЕРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкердің біліктілігін арттыру институты және К.Қаракөзов атындағы  №235 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Жаңашыл өзгерістер: технологиялық білім мен білікті, бірлікті игеру» тақырыбында   облыстық әдістемелік семинар өткізілді. Оның мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді білім беру үдерісінде қолдануды көздейді. Семинарға қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысып, жаңартылған білім мазмұнынына  негізделген  ашық сабақтар мен коучингтерге қатысты.
Семинардың ашылу салтанатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Елеусінов сөз алып,  жаңартылған білім мазмұнынына көшуде білім мен білікті қалыптастыру  үшін тәжірибе алмасу  жолдарына тоқталып өтті.  
Жоғары санатты Баян Орманова, Меруерт Мырзаева және Райхан Наукеев сынды пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жаңартылған білім мазмұны аясында өткізілген ашық сабақтарды қатысушылар жоғары бағалап, өз іс-тәжірибелерінде қолданатындықтарын білдірді. Семинар қорытындысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұстафаев «Жаңаша түрлендірулер мен шығармашылық қызметке дайындық, балаларға жаңаша қарауды меңгеру» атты тақырыпта баяндама жалғасады. Институттың кафедра меңгерушісі Б.Ақпанбетов жаңартылған білім мазмұны аясындағы өзгерістер мен мұғалімнің жаңашылдығындағы әдіс-тәсілдердің оқушы біліміне тиімділігі туралы айта келіп, осы бағытта білім жетілдіру курстарының негізгі мақсаты  балалардың бойында алған білімдерін өмірде пайдалануға дағды қалыптастыруға бағытталатынын атап өтті.
Әдістемелік семинарға облыс және қала мектептерінен 40- тан астам информатика, ағылшын тілі және дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатыстырылды.  

Қ.ТІЛЕУБЕРГЕНОВА,
К.Қаракөзов атындағы
№235 мектеп мұғалімі.
Білім 15 қаңтар 2019 г. 1 655 0