19 мектептің оқушысы үш ауысымда оқуға мәжбүр

Шымкентте 19 мектептің оқушылары үш ауысымда оқуға мәжбүр. Білім беру мекемелерінде  қосымша 16 138 орынға қажеттілік туындаған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан мәлімдеді.
Басқарма басшысының сөзінше, аталған мәселені шешу мақсатында қалада тағы 8 мектеп салынады.
 «Елбасы Жолдауындағы басты мәселенің бірі - апатты және 3 ауысымды мектептерді күрделі жөндеу. Бұл мәселені шешу үшін  қосымша ғимараттар салу, бос ғимараттарды қолдану, жаңа мектептер ашу қарастырылуда. Алдағы уақытта инвесторлар 8 мектептің құрылысын бастамақ. Ал 12 мектептің құрылыс жобалары бекітілуде», - деді Ақерке Абылайхан.
Басқарма басшысы сондай-ақ, Елбасы Жолдауында айтылған мәселелер бойынша шымкенттік мұғалімдерге тұрғын үйдің сертификаты тапсырылғанын атап өтті.  Ондай қолдау алдағы кезде де жалғасын таппақ.


Білім 31 қазан 2018 г. 3 119 0