« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
І.Қабылов атындағы №12 орта мектепте өзін-өзі тану педагогтары мен әдіскерлер, пән мұғалімдері және білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа бағыттары” тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті.
Мақсат – бағдарламаны тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялау бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.
Бүгінде жаһандық жаңарулар мен заманауи өзгерістер жаңа инновациялық білім беру кеңістігін құра отырып, жас ұрпақты адами құндылықтар негізінде тәрбиелеуді талап етуде. Бұл оқыту үдерісінде жеткіншектердің өзін-өзі тануы мен дамуына, өзін-өзі басқаруына, әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйретеді. Ұлттық сананы жаңғыртуда бағдарламаның өзектілігін атап өткен “Бөбек” ҰҒПББСО АҮДИ бас ғылыми қызметкері Аршагүл Рысбаева бұл арқылы жеке тұлғаның өмірдегі орнын түсінуге мүмкіндік берілетінін педагогтарға жетік түсіндірді.
– “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы адамның өзін-өзі жетілдіруіне, алға ұмтылуына, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуға баулиды. Сондай-ақ, қоғаммен тығыз байланыс орнатуды көздейді. Сондықтан дамыған жаһандану заманында әрбір адам өзін сол ортаға сай дайындап, сол өмірге сай бейімдеу керек. Ал, ол үшін ең бірінші сананы өзгерту қажет, – дейді А.Қылышбекқызы.
Мұнан өзге семинарда бағдарламаны жүзеге асыруда мұғалімдердің құзыреттілігі сөз етілді. Сонымен бірге жаңартылған мазмұндағы білім беру аясындағы “Өзін-өзі тану” пәнінің оқулықтары мен сабақ өткізудің және талдаудың әдістемелік ерекшеліктері талқыланды. Жиын соңында сұрақтар қойылып, ұстаздардың ұсыныстары қабылданды.
Айта кету керек, облыс бойынша пилоттық жобаға №30, №198, №173 мектеп пен М.Мәметова атындағы гумманитарлық колледж енген.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |