« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты» деп бекер айтылмаса керек. Қоғам заман көшінен қалмау үшін біз ең алдымен таза қоғам қалыптастыруымыз қажет.
Біз білімді, көзі ашық, ғылымы өркендеп дамыған, бәсекеге қабілетті тәуелсіз мемлекетте өмір сүрудеміз. Біреуге сый беріп, «жұмысқа алшы» дейтін, немесе тамыр-таныс салып жұмысын бітіруді мақсат тұтатын жартылай надан көзқарас келмеске кетті. Қазіргі уақыт – білім мен біліктің заманы. Ал, білім мен білік бар жерде таза бәсекелестікке сай қоғам болады. Бәсекелестік қоғамда білімді озып шығады.
Елбасы биылғы жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықпен күресуді назардан тыс қалдырған жоқ. Жолдаудың «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталатын бөлімінде мынадай деректерді келтірді. «Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді» деген Елбасы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты тежейтін бірден-бір мүмкіндік екенін айтты.
Жолдауда қоғамның қауіпсіздігі мен тәртібін сақтауда да цифрландыру бізге көп көмек болатынын жеткізген Мемлекет басшысы «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек» деп атап көрсетті.
«Ақылды ұлт» үшін жасалған «Ақылды қалалар» адал еңбек, таза ниет, сапалы білім мен ғылымға құштарларға арналған. «Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық» деп Елбасы айтқандай, ақылды қоғамда өмір сүру үшін ескі көзқарастан арылып, әркім де сананы жаңғыртуы тиіс. Жаңғырған сана қоғамның игілігі тек адал еңбек, таза ниет арқылы келетінін түсінуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, ақылды ұлт өмір сүретін ақылды қалаларда сыбайлас жемқорлық деген атымен жоқ. Ендеше, ақылды қалада өмір сүргіңіз келсе, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс.
Ж.ӘБЖӘМИ,
облыс бойынша қазынашылық департаменті
персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |