« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қостанай қаласындағы 25-30 наурыз аралығында өтетін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға Қармақшы ауданынан төрт оқушы қатысуда. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндерінен республика бойынша үздік деп танылған оқушылар арасындағы зияткерлік сайыс болып табылады. Делегацияны аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбенова Тәжігүл бастап баруда.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаға іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған сәйкес республикалық олимпиада өз болмысы мен мазмұны тұрғысынан Президенттің «Зияткер ұлт - 2020» ұлттық жобасының идеясы негізінде өткзілуде. Аудан намысын қорғайтын жастарға тек сәттілік тілейміз.
М.ОТАРАЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |