IT саласы: нәзік жандыларға арналған қызметтер

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы түрлі мамандықтың пайда болуына әкелді. Онымен бірге еңбек етуші күш артты. Технология десе, ойымызға бірден ер азамат түседі. Бірақ, ер мен әйел арасындағы шекараны бұзатын IT саласында сұранысқа ие мамандықтардың барын да естен шығармаңыз.

Ақпараттық жүйе сәулетшісі: ақпараттарды өңдеу жүйесінің маманы. Іс-әрекет алгоритмін құрастырады, ақпараттарды жинақтау арқылы жоба дайындайды, ақпаратты сақтау сапасын бақылайды. Басты міндеті: логика мен ақпарттық жүйенің ішкі алгоритмін шешу. Бұрын бұл іспен код жазатын программистер айналысатын. Қазір ақпараттарды өңдеу қиындағаны соншалықты, бұл салаға жеке мамандар қажет.

Интерфейс дизайнері: Әр сала дизайнерді керек етеді. Өйткені, сыртқы аудиторияны қаратудың басты қаруы – дизайн. Интерфейс құрылғыларын, техника мен бағдарламаларды жасақтайды. «Юзабилити» басты назарға алынады, яғни, интерфейс қолданушыға ыңғайлы болуы үшін жұмыстанады. Басты міндеті – тиімді, ыңғайлы, қарапайым интерфейс жасау. Болашақтың интерфейсі – тек сурет емес. Ғаламтор кеңістігінде дыбыс, иіс пен дәм мен адам талғамы бірнеше жылдан соң иллюстратордан маңыздырақ болмақ.

Виртуал сәулетші: Виртуалды әлемде жұмыс істеуге, оқуға, демалуға болатын жобалардың негізін қалайды. Софтты (бағдарлама) құрастыра отырып, қолданушының талғамы мен ұсынысын есепке алады. Басты міндеті – ақпараттық жүйенің бөліктерін біріктіре отырып, өз заңы бар виртуалды әлемнің негізін қалау.

Интернет-топтар ұйымдастырушысы: электронды форумдар, ойын алаңы мен білім беру топтарын белгілі заңға бағынатын жүйеге енгізу. Басты міндеті – адамдардың арасындағы байланысты ұстау, тиімді шешімді қарастыру және келіссөздер жүргізу.

Массагет.кз сайтынан
Білім 10 наурыз 2018 г. 865 0