« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Адамзаттың өткені мен бүгінгі болашаққа жарқын қадамы сонау XVIII ғасырдан бастау алатын өнеркәсіп төңкерістері нәтижесі екендігіне көзіміз жетіп отыр.
«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді, сондықтан бірыңғай табиғи ресурстарға иек артпай, төртінші өнеркәсіп төңкерісінің ғылымдағы жетістігін адами ресурстар есебінен жүзеге асыру міндеті басты межеміз болып табылады. Осы орайда Елбасы Жолдауындағы 10 міндет жаһандану дәуіріндегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуымыздың басты ұстанымдары.
Білім саласында қызмет ететіндіктен, мен үшін жетінші міндеттің орны ерекше. Адами капитал – жаңғыру негізі. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу еліміздің білім кеңістігінің әлемдік интеграциялануына кең жол ашады. Ұстаздардың жаңартылған білім беретін бөлігінің жалақысы 30 процентке артуы, біліктілік санаты бойынша екінші, бірінші, жоғары санатқа педагогикалық өтіліне қарамай, тестілеу негізінде санаттарын көтеруге мүмкіндік берілуі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатарын арттыра түсетіндігі анық.
Жаңартылған мазмұнға көшу дегеніміз – жаңа көзқарас, жаңа қарым-қатынас. Мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрларға деген әлеуметтік сұраныс педагогтарды оқыту мен олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарауды талап етуде. Еліміздің барлық өңірлерінде оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, зертханалар және 3Д принтерлерді, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар технопарктер құру жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Елбасының қазақ тілін әлемдік тілдер қатарына көтеруді және латын әліпбиіне көшуді 2025 жылға дейін аяқтауды тапсыруы заман ағымы мен геоэкономикалық мүддеден де туындап отыр. Нағыз азаматтық қоғам құруда қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін боламыз.
2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Себебі қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі. Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын ғаламторда орналастыру арқылы барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына жеткізуге жол ашылады. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруда жергілікті кәсіпкерлер тобын тарту арқылы индустрияландыру үдерісін төртінші өнеркәсіптік төңкерісімен ұштастыру жаңа талапқа бейімделуді жүйелей түседі. Отанымыздың тыныштығы мен кәсіпкерліктің дамуына кең мүмкіндіктер мен заңнамалық тұрғыда қорған болған мемлекетте ғылымның көтерілуіне жеке сектор тарапынан бірлескен қаржыландыруға кең жол ашылып келеді.
Ақарыс НҰРСЕЙІТОВ,
Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |