Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №267 орта мектепте базасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру: жаңа рух, жаңа зияткерлік серпін» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Шарада «Туған жер» бағдарламасы аясында патриот тұлға тәрбиелеу, «100 жаңа есім» шеңберінде мектеп тарихын зерттеуге ден қою, «100 жаңа оқулық» бағдарламасымен кітапхана қорын толықтыру жайлы айтылды. Шараға облыстық білім саласы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шыналы Байділдаев, қалалық білім бөлімінің әдіскері Рита Мұқашева қатысты. Семинарда жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес «Сапалы білім беру: Тәжірибе мен ізденіс» тақырыбында ашық сабақтар көрсетіліп, «Сын тұрғысынан ойлаудағы диалогтік оқытудың маңызы» атты коучинг өтті.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Л.Арихова «Жаңартылған бағдарлама – табысты болашақ кепілі» тақырыбында мұғалімдермен тренинг ұйымдастырып, қобыз үйірмесінің жетекшісі Ж.Сұрағанқызы «Қыл қобыз және домбыра күйлерінің прима аспабында орындалу ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Атамұра» оқушылар ансамблі, «Қырмызы» бишілер тобы, «Домбыра-дастан» фольклорлық ансамблі шара көркін қыздыра түсті.