Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімі Көкшетау техникалық институтына мектеп бітіруші түлектерді оқуға шақырады. Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында оқу түрі тегін және кепілді жұмыспен қамтиды.
Оқуға түсу үшін орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы мықты әскери қызметке жарамды, ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеудің балдарына сәйкес Қазақстан Рсепубликасының азаматтары қабылданады. Қабылдау коммисиясы талапкерлердің жеке істерімен танысады, медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтайды. Талапкерлер дене шынықтыру бойынша сынақ тапсырады.
Сынақ 3 кезеңнен тұрады: 100 метрге жүгіру, 3000 метрге жүгіру, бағанада тартылу. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Републикасының спорт шебері» спорттық біліктіліктері бар және Институт қабылдау комиссиясына растайтын құжаттарын тапсырған талапкерлер дене шынықтыру сынағынан босатылады. Осы нормативтерден өткенен кейін Қабылдау комиссиясы талапкерді курсанттар қатарына қабылдайды.
Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында мына мамандықтар бойынша оқытады: «5В100100-Өрт қауіпсіздігі», «5В103100-Төтенше жағдайларда қорғау», «5В103200-Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері». Курсанттар Республикалық бюджет есебінен оқытылады. Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда, төртінші курс – Көкшетау қаласында еркін тұрады. Оқу соңында күндізгі бөлім түлектеріне әскери іс және қауіпсіздік бакалавры деген академиялық дәреже және арнайы «Азаматтық қоғау лейтенанты» шені беріледі.
Оларға барлық Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өртке қарсы қызметінің бөлімшелеріне жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Күндізгі оқу түрін бітірген уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі. Жас талапкер өз болашағыңның өз қолыңда екенін ұмытпа!
Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Арал ауданы №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Н.Жаназаров.