Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нақтыланғандай 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, жаңартылған білім бағдарламаларын іске асыру бүгінгі мектептің негізгі міндеті.
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және Қызылорда облысы әкімдігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.
Осыған сәйкес Шиелі ауданындағы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп–лицей де жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруға дайын инновациялық-жетекші мектептердің бірі болып танылды.
Магниттік мектептер жұмысының негізгі мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы және деңгейлік бағдарлама идеясы аясында педагог кадрлармен инновациялық әрекеттерді жүзеге асыру және Назарбаев зияткерлік мектерінің тәжірибесін іске асыру .
Өткен оқу жылында мектебіміз 19 магнитті мектеппен жетекші мектеп ретінде жұмыс жасаса,биылғы жылы аудандық білім бөлімінің 10 қарашадағы №81 бұйрығымен ауданымыздағы 7 инновациялық мектептердің әрқайсысы жетекші мектептер ретінде 5-6 магниттік мектеппен жұмыс жасауда. Нәтижесінде магниттік мектептер желісі аясында педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетін дамытумен қатар өзара тәжірибе алмаса отырып білім мазмұнының тың идеяларын жылдам іске асыруға көмектесті. Қазіргі таңда мектеп-лицейде НЗМ- нің тәжірибесі негізінде жүзеге асырылып жүрген оқытудың тиімді тәсілдері, АКТ ның шексіз мүмкіндіктері, «100 кітап», «100 ән» , «Жас журналистер» үйірме шаралары және жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бастамалары іске асырылуда.
Мектеп –лицейде 2017 жылдың 22 желтоқсанында аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Сәрсенбаеваның және магниттік мектептер үйлестірушісі С.Нұрманованың,мектепішілік магниттік мектеп жетекшісі Ә.Яхияеваның ұйымдастыруымен аудандық магниттік мектептермен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдану» тақырыбында семинар –тренинг өтті.Онда «Жаңа ақпараттық технологиялар- оқу үдерісінде» айдарымен көрме ұйымдастырылып , көрмеде «Bilimland.kz.» порталындағы цифрлық білім беру ресурсындағы «www.itest.kz» «www.imektep.kz.»,«www.Twig- BILIM» және «kitap.kz» порталының цифрлық білім беру ресурсымен күнделікті жұмыс түрлері, «4D»anatomy бағдарламасымен жұмыс жасау түрлері насихатталды.
География пәні мұғалімі Нұрбаева Арай “The hat”, “Kahoot it”, “Twig-bilim.kz”, “Plickers” бағдарламаларын сабақ барысында ұйымдастыру жолдары тақырыбында тренинг, бастауыш сынып мұғалімі Г.Нәлібаева жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 2 сынып математика пәнінен "Жиындар"бөлімі бойынша жиынтық бағалау сабағын,биология пәні мұғалімі Ж.Жансариева «Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік» , «Өлкетану» міндетті факультатив курсының мұғалімі Ф.Қасқабаева "Шиелі Ұлы Отан жылдарында" тақырыптарында АКТ –ның шексіз мүмкіндіктерін пайдалана отырып сабақтар көрсетті.Педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай шаралар мектеп –лицей базасында жүйелі ұйымдастырылып келеді. Орта білім мазмұнын жаңғырту бағдарламасы аясында магниттік мектеп мұғалімдеріне шеберлік сыныптарын, ықшам сабақтар, панорамалық сабақтар, семинар, коучингтер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде мектеп –лицей директоры С.Апбасованың еңбегі.
№ 47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп – лицейінің география пәнінің мұғалімі Есмухамедова Аяужан Мұхамедкаликызы.