РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМ

«30 жұлдызды күн» аясында «Рухани жаңғыру – болашаққа сенім» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі өткізілді.
Кітап көрмесі Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тарихи маңызы зор мақаласына арналып, бірнеше бағыттарды қамтыды. «Тарих толқынында» деп аталған бірінші бөлімге бір ғасырда жететін жетістіктерге ширек ғасырда қол жеткізген тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік хал-ахуалын әлемдік деңгейде баяндайтын кітаптар, мерзімдік басылымдар, фотосуреттер мен құжаттар қойылды. Қазақстанды Мәңгілік елге айналдыру мақсатында ұлттық сана-сезімді төл тарихымыздан, бабалар қалдырған асыл мұралардан тұшынып, қайта жаңғырту қажеттігі жайын насихаттайтын құнды дүниелер кітап көрмесінің «Ұлттық код – «Мәдени мұра» деп аталған екінші бөлімінде көрініс тапты.
Екі миллионнан аса қоры бар байырғы кітапхананың мақсаты білім іздеген, ғылыммен айналысқан әрбір оқырманға сапалы, тиімді қызмет көрсету және еліміздің ұстанып отырған озық үлгілі тәрбиелік мәні зор, рухани құндылықтарды сақтап, насихаттап, түрлі іс-шаралар өткізіп, жас ұрпақтың өсіп-жетілуіне атсалысу.
Білім 16 қараша 2017 г. 997 0