Елбасы ұлт болашағы үшін реформалық жүйелі жоспар құрып, Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын белгілеген болатын. Еліміздің өркендеуі мен дамуына бағытталған бұл реформа ұлттық мәнге ие болып тұр. Осы бағытта елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемде білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінде Білім күніне байланыс¬ты жазасын өтеуші азаматтарға «Менің Отаным – Қазақстан» атты алғашқы білім сабағы өткізілді. Айта кетсек, ЗК-169/5 мемемесінде қазіргі таңда 23 азамат кешкі мектепте білім алуда.
«Осы елеулі сәтте әрбір білім алушыны халықтық рухта тәрбиелеу – басты мұратымыз», – деп есептейді кешкі мектеп педагогикалық ұжымы басшысының орынбасары Ташкенбай Насибеков.
Адамзат дамуы мен өзіндік тұлғасы қалыптасуының негізі болып саналатын Білім күні мерекесі жоғары дәрежеде аталып өтті.
С.КИМ,
ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің бастығы әділет майоры.