« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтың төрағалығымен өткен кеңеске облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура өкілдері мен ауыл әкімдері, сала мамандары қатысты.
Шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қоғамда орын алып жатқан жағдайларға орай Елбасының төрт бірдей жаңғыртуын еске салды.
– Елбасы Н.Назарбаев мемлекетті құрғанда төрт бірдей өзгеріс енгізуге сүйеніп, ауқымды міндеттерді іске асырды. Ол – мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау және қоғамдық сананы қайта өзгерту. Бұл «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген болатын.
Бүгінгі таңда қоғамдық ой-сананы өзгерту – басым бағыттарымыздың бірі. Дәстүрлі құндылықтарымызды сақтауымыз қажет. Жат ағымдардың жетегіндегілер жастарымызды теріс жолға түсіріп жатыр. Бұл – қоғамға төнген қауіп. Бұған көз жұма қарамай және белгілі салалар ғана емес, ел болып жұмыла күресуіміз қажет. Облыста осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Құзырлы органдармен бірге тиісті жұмыстар істелуде. Өткен жылы көрші облыстарда орын алған террористік актілерге орай сабақ алып, қылмысты болдырмаудың алдын алуымыз қажет, – деді.
Бұдан соң облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев дін саласындағы жергілікті атқарушы органның діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы іс-шаралары жайында баяндама жасады. Онда жалдамалы пәтерлерде шоғырланатын азаматтардың, такси жүргізушілері жолаушыларға түрлі діни уағыздар тыңдататынын, тіл үйрену курстары қызметін жамылған ұйымдардың қауіптілігін баса айтты. Егер де күмән тудыратын оқиғаларға куә болған жағдайда тиісті орындарға хабарлаған жөн. Сонымен қатар, құзырлы орган басшылары мен ауыл әкімдеріне жергілікті мешіттерге бейнебақылау камерасын қою қажеттігін сұрады. Өйткені облыста 160 мешіт болса, оның тек 26-да ғана бейнебақылау камерасы орнатылған екен. Теріс ағымдардың насихаты қашанда қауіпті болатынын айтқан басқарма басшысы мешіттерде сараптамадан өткен діни әдебиеттерді ғана қолдануды сұрады. Ал ондай әдебиеттердің тізімін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми веб - сайтынан білуге болады. Алдағы уақытта осындай істерді бірге атқарар болсақ, діни экстремизмнің алдын ала аламыз, – деді.
Семинар-кеңесте ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті терроризмге қарсы күрес басқармасының қызметкері А.Қалдыбекұлы діни экстремизмнің алдын алу және дерадикализация бағытында жұмыс жүргізу мәселелері бойынша және жергілікті органдармен жұмыстарды тиімді жүзеге асыру мақсатында атқарылу қажет шаралар туралы баяндама жасады.
Бұдан кейін облыстық прокуратураның бөлім басшысы Е.Ержанов заңсыз діни қызметтердің қоғам тұрақтылығына төндірер қаупі зор екенін айтты.
Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Б.Оспанов дәстүрлі емес діни ағымдағы тұлғаларды анықтау және олардың белгілері туралы баяндамасында тұрақсыздықтың алдын алу үшін діни ахуалды терең зерттеу қажеттігіне баса мән берді.
Семинар-кеңесте қатысушылар сала мамандарына сұрақтар мен ұсыныстарын жолдады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |