ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫҚұрметті Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлері!

 

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл. Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ел басына күн туған жылдардағы аға буынның жан аямас жаужүректігі, ерен еңбегі, туған елге, жерге деген патриоттық ыстық ықыласы келешек ұрпақ санасында жаңғырып тұрары даусыз. Әділдік пен зұлымдықтың соғысы деп бағаланған майдандағы ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі күн.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев майданнан оралмаған жауынгерлеріміздің есімін мәңгі ел есінде сақтауда және арамызда жүрген ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ардақтауда әрқашан мемлекеттің қамқорлығы болатынын айтып, жарқын бастамаларға жол ашып келеді.

Қадірлі ардагерлер!

Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз бүгінгі бейбіт өмірдің темірқазығы.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілей­мін.

Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.

БИЛІК 07 мамыр 2016 г. 1 057 0