ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық әкімдіктің актив отырысы өтіп, онда кадр мәселесі қаралды. Отырысты ашқан аймақ басшысы облыс әкімінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі өкімімен Бекпанов Бақытбек Тұрсынбекұлының Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын хабарлады. Мұнан соң актив отырысына қатысушыларды Б.Бекпановтың өмірбаянымен танысты. Бақытбек Тұрсынбекұлының Байқоңыр кешені жағдайымен, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық ахуалымен жақсы таныс, ұйымдастырушылық қабілеті жеткілікті, тәжірибе жинақтаған маман екенін атап өткен облыс басшысы оған жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.

БИЛІК 19 сәуір 2016 г. 1 073 0