« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімінің орынбасарыҚуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды, жаңа Әдеп кодексін қолдануға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған семинар-кеңес өтті.
Қуанышбек Досмайылұлы кеңеске қатысып отырған облыстық басқармалар мен департамент басшыларына шараның мақсаты жайлы айтып өтті. Мұнан соң облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жазира Жылқышиева мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтармен таныстырды. Ол өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу бойынша департаменттің жұмысына, Әдеп жөніндегі кеңес қызметіне, қолданыстағы заңдардың бұзушылығын жасаған бірінші басшылардың жауапкершілігіне кеңінен тоқталды. Ал «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін бағалау жүйесі бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев түсіндірме жасады.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша департамент жүргізген бағалау мен бақылау нәтижелерін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Талғат Нұртаев таныстырды. Басқарма басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін орындаудағы бұзушылықтар жайлы деректерді келтіріп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жасалынған ішкі бақылауға ерекше тоқталып кетті.
Семинар-кеңес соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға тиісті жауаптарын алды.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |