КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, онда екі мәселе қаралды.

Кеңес отырысын ашқан департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Жазира Жылқышиева Елбасының 5 институционалдық реформасындағы ең бірінші реформа кәсіби мемлекеттік аппаратты құру екенін еске салып өтті. Соған байланысты «Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызметтуралы» және де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, Әдеп кодексі қабылданды. Елбасы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қыз­мет істері министрлігі, оның аумақтық депар­таменттері құрылды. Ж.Жылқышиева сондай-ақ Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 санды Жар­лығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қала­лардағы, Астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестер туралы» Ережеге және ондағы көзделген жаңа міндеттерге кеңінен тоқталып өтті.

Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу болып табылады.

Мұнан кейін департамент басшысы кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды. Әдеп жөніндегі ке­ңес мүшелігіне қоғамдық ұйымдар басшылары, облыстық мәслихат депутаты, облыс әкімі ап­паратының басшысы, тексеру комиссиясы, әділет департаменті, кәсіпкерлер палатасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.

Кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәсе­ле бойынша Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев кеңес мүшелерінің назарына Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының жобасын ұсынды. Кеңес мүшелері ұсынылған жоспарды талқылап, өздерінің кейбір түзетулерін енгізгеннен кейін бекітілді.

Екінші мәселе бойынша Қызылорда облы­сын­дағы Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылдың 1 жартыжылдығында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі қаралып, бекітілді.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

БИЛІК 03 наурыз 2016 г. 1 245 0