« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болған Ғалымжан Ниязовты басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа қызметімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыстың Құрмет грамотасымен марапаттады.
– Ғалымжан Мұқырұлы жұмыс барысында өзін іскер ұйымдастырушы ретінде танытты. 2014 жылы елімізде бірінші болып біздің облыста құрылған мемлекеттік сатып алу басқармасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі уақытта оң тәжірибені басқа аймақтар үлгі ретінде пайдалануда. Басқарма қызметкерлері мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңды әзірлеуге қатысты. Бұл жұмыстың барлығында да Ғалымжан Мұқырұлының кәсібилігі, қажырлы еңбегі көрінді, – деді облыс басшысы.
Айта кетейік, облыс әкімінің бастамасымен мемлекеттік сатып алу басқармасы 2014 жылы елімізде бірінші болып біздің өңірде құрылып, жаңа басқарма басшылығына Ғ.Ниязов тағайындалған болатын. Аталған басқарма мемлекеттік сатып алудың қыр-сырын осы жұмыспен айналысатын мамандарға түсіндіру үшін көп еңбек етті. Құқықтық-нормативтік актілер жинақтары шығарылып, мекемелерге сатып алу конкурстарын өткізуде әдістемелік және тәжірибелік жәрдем көрсетілді. Бұл сатып алу саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз етті. Құрылыс нысандары белгіленген мерзімде пайдалануға берілді.
Өз кезегінде Ғ.Ниязов Сыр елінде мол тәжірибе жинақтағанын айтып, бірге қызмет атқарған әріптестеріне алғысын жеткізді.
Айта кетеиік Ғ.Ниязов «СК-Фармация» Ұлттық компаниясының мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры болып тағайындалды.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |