ӨСУ МЕН ӨРЛЕУ

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4

Бұрыннан қалыптасқан әдет, мерзімді баспасөзді үнемі қарап, ондағы жаңалықтармен танысып отырамын. Сонда байқағаным, республикалық басылымдар Сыр бойының Елбасы бағдарламасына сай дамып, өсуден өрлеуге бет алғандығын жиі жазады. Бүкіл Сыр жұртшылығымен бірге біздің Шиелі ауданының да бұл табысқа қомақты үлес қосқандығын мақтаныш етеміз. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді» деп атап көрсетті. Жуырда Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың бір жылдық есеп беруіне қатысқан облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың «Сыр – Алаштың анасы болса, Шиелі – кәусар бұлақтың көзі» дегені әркімді-ақ баурап, Елбасы тұжырымының жалғасындай сезілді.

Ауданда талай жұмыстың жүйелі жүзеге асуын аймақ басшысының тікелей өзі қадағалады. Мәселен, былтырғы бір жылдың өзінде ірі 5 шаруашылықтың банкіде кепілде тұрған жерін өзі тікелей араласып, қайтарып бергізуі, қысқа мерзімде үрлемелі су тоспасын салдырып, ағын суды керекті мөлшерде пайдалануға жол ашуының өзі зор қамқорлық қой. Сондай-ақ, Шиеліге газ қосу жұмысының өзінің бұрынғы бекітілген мерзімінен көп ерте басталуы расында басшының көреген саясаты деп білемін.

Аймақ басшысы аудан орталы­ғын­да өткен соңғы жиын­дағы сауал­дарға сай кент пен елді мекен­дерде жерасты суларының көте­рілуінен кезігетін бірқатар қиын­шылықтарды жою мақсатында тиіс­ті орындарға тапсырмалар бе­ріп, сөз бен істің нәтижелі бір жерден шығатындығын байқатты.

Алтынбай ӘЛСЕЙІТОВ,

Тартоғай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы,

 Шиелі ауданының Құрметті азаматы.

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:10.0pt; font-family:"Times New Roman"; mso-ansi-language:#0400; mso-fareast-language:#0400; mso-bidi-language:#0400;}
БИЛІК 17 ақпан 2016 г. 5 937 0