« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Біз ауылды жерлерде, өзіміз тұратын елді мекендерде көптеген адамдармен, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, кәсіпкерлер, қысқасы, жұртшылықпен жиі кездесеміз. Осы бір сәтте ағынан жарылған шындықтың бүкпесіз сырына қанығамыз. Бүгінгі адамдардың ой-өрісі мен талғампаздығының өскендігін, ортақ мүддеге, ел болашағына деген сенімнің, Елбасы қадамдарына деген сүйіспеншіліктің куәсі болып жүрміз.
Төмендегі пікірлер осының дәлелі.
Абай Баукенов, ұстаз, зейнеткер:
– Елбасы сайлау өткізу туралы Сенат және Мәжіліс төрағаларымен, Конституциялық кеңес төрағасымен, Премьер-Министрмен консультация өткізіп, Ата Заңға сәйкестігіне көз жеткізіп барып, бір тұжырымға келді. Елбасының жақында ғана халыққа арнаған Үндеуін толқымай оқу мүмкін емес.
Мұнда Ұлт жоспары, елді бір арнаға тоғыстыратын Мәңгілік Ел идеясының терең тамыры жатыр. Алда болатын науқан осы идеяны жүзеге асырудың қадамы деп білемін.
Арлан Елемесов, кәсіподақ қызметкері:
– Өмір өзгерістен тұрады. Уақыт жаңаруда, технология даму үстінде. Қоғам өркениетке ұмтылуда. Енді жаңа дүниені қабылдау үшін көзқарас пен психологияны да өзгерту керек.
Қазіргі дағдарыс, әлемдегі сын-қатерлер, дамыған елдердің өзін абыржыта бастады. Міне, біз осы сәтте етек-жеңді тең ұстап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бастамаларды қолдауымыз қажет.
Елбасымыз осындай кезеңдерде саяси науқандарды дер кезінде өткізу арқылы ынтымақ бен бірлікті нығайтудың қадамын белгілеп берді.
Болат Мұсаев, кәсіпкер:
– Қазіргідей әлемдегі аласапыран уақытта жұдырықтай жұмылып, бір арнаға күш біріктірудің маңызы зор.
Біздің ата-бабаларымыз татулық пен бірлікті ежелден биікке көтерген. Біз – солардың ұрпағымыз.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, кәсіпті одан әрі дамытуға тиістіміз.
Алдағы сайлау үлкен ұйымшылдықты қажет етеді. Сондықтан барша қауымды саяси науқаннан қалмауға шақыру үлкен мұрат дер едік.
Ханзада Құнанқараев, еңбек ардагері:
– Біздің әулетті түгелдей ұстаздар қауымы десе болғандай. Мен өзім отыз жылдай мектеп директоры қызметін атқардым. Саяси науқандарға талай үлес қостық.
Елбасының Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарды қайта сайлау өткізуге шақырған Үндеуі дер кезінде көтерілген шара. Бұл ел экономикасын дамытудың, Қазақстан халқын одан әрі өркендетуге бағытталған нағыз батыл қадам дер едім.
Алтынбек Есенов, "Қазавтодор” АҚ-ның маманы:
– Дағдарысты еңсеру үшін ел ішінде ұлттық бірлік, экономиканы бірқалыпты ұстап тұру үшін дайындық ауадай керек. Қазақ қыстың қамын жазда ойлаған ғой. Міне, содан болар жер-жерде Елбасының Ұлт жоспарын орындауға деген ықылас ерекше байқалады.
Сыр өңірінде өндіріс, үй құрылысы, мектептер, балабақшалар көптеп салына бастады. Бұл қадамдар ертеңгі күнге деген сенімді нығайта түсері ақиқат. Барлық жерде өрбіген ықылас, Елбасымыздың көреген саясатын қолдауға деген шынайы сүйіспеншілік мені әрдайым қанаттандыра түскендей болады.
Алда сайлау күні жақындап келеді. Бұл күні баршамыз ұйымшылдық көрсетіп, нағыз демократиялық сайлаудың үлгісін көрсетуді патриоттық борыш деп санауымыз керек.
Асылбек Балтаев, "Қазпошта” қызметкері:
– Биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланады. Бүкіл әлем Қазақстанды тани бастады. БҰҰ мінбесінен Елбасымыздың қазақ тілінде сөйлеуі төбемізді көкке бір көтеріп тастады.
Елбасы "Сыр – Алаштың анасы” деп баға берген Сыр өңірінде өткен жылы мол астық жиналды. Барлық салада ілгерілеу бар. Әлеуметтік салаға деген қамқорлық ұшан-теңіз.
Иә, Елбасының қадамына осындай ағынан жарылған ықылас, сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге деген ынта қуантады.
Біз жоғарыда Сыр жұртшылығы өкілдерінің бір тобының телегей-теңіз шынайы лебіздерін ықшамдап сөз суыртпақтадық. Осы бір ойлардың миллиондар үнімен сабақтастығына күмән жоқ.
Қ.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |