БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС БЕРЕКЕЛІ

«Нұр Отан» пар­тиясының кезектен тыс XVII съезінде Мем­лекет басшысы Н.Назарбаев көптеген мәсе­лелерді көтерді. Елімізде жұ­мыссыз жандар болмауы керектігін баса айтты. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктерге тоқ­талды. «Мұндай істерді тоқтатпай, қайта жандандыру елімізде жұмыссыз жандар болмауын қамтамасыз етеді» деді.

Осы ретте Елбасының бастамасымен қолға алынған сан салалы мемлекеттік бағдарламалар негізінде елімізде көптеген кәсіпорындар ашылды. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының арқасында қаншама адам тұрақты еңбекпен қамтылды. Мұндай бағдарламаның қатарында «Жұмыспен қамту -2020» ерекше маңызға ие болды. Аталған бағдарламаның аймақта жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясы да ықпал етуде. Тағы бір айтарлығы, халық санының артуы да назардан тыс қалмады. 17 жыл ішінде ел халқы 3 млн адамға көбейген. Біздің соңымыздан білімді де білікті жас буын өсіп келеді.

Тұтастай алғанда, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған мақсаттарға қол жеткізу жолы бүкіл қазақстандықтардың бірлескен іс-қимылында жатыр. «Сондықтан да, партиямыз Қазақстанның барлық азаматтарын бірлікке шақырады. Бүгінгі біздің басты миссиямыз – қоғамды Елбасы Н.Назарбаевтың төңірегіне топтастыру. Оның стратегиялық бағыты дағдарыстан нығайып және бәсекеге анағұрлым қабілетті етіп шығуға жағдай жасайды», – делінген бағдарламада.

 

Асылбек ТОҒЫЗБАЕВ,

Қызылорда қалалық

ауруханасының бас дәрігері.

БИЛІК 30 қаңтар 2016 г. 1 156 0