« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі – 900 мың мүшесі бар саяси партия үшін тарихи әрі жауапты сәт. Сындарлы кезең алдындағы басқосуда Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаев сөз сөйледі.
Мемлекеттің «Нұр Отан» партиясымен бірігіп, жер-жерде жасаған шаруаларын атап өткен Елбасы «Алдымыздағы бес жыл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы тағдыр-талайы қандай болатынын айқындайды. Біздің еліміздің, беріктігі, біздің бәріміздің беріктігіміз сынға түсетін болады. Баршамызды елді жаңарту орайындағы ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің міндетіміз елді сақтау, Егемендікті нығайту және Ұлттың болашаққа барар жолын батыл ашу. Біз жаһандық сын-қатерден бұғып қала алмаймыз. Біз осыған қасқайып қарсы тұруға тиіспіз», - деді.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылға арналған сайлауалды бағдарлама қабылданды. Сегіз бөлімнен тұратын бағдарламада жаһандық сын-қатерлер және жаңа нақты ахуал мәселелеріне жан-жақты шолу жасалған. Сонымен бірге нақты іс-қимылдардың қалай өрбитіні көрсетілген. Дағдарысқа қарамастан қайта экономикалық өрлеуге қол жеткізудің нақты бағдары айқындалған. Ол үшін жекешелендіру және тиімді меншік иелерін қолдауға баса мән беріліп отыр. Жаңа инвестициялық саясат, экономикалық қауіпсіздік шараларының нақты жоспары жасалған.
Ал жаңа әлеуметтік саясат шеңберінде тиімді әлеуметтік мемлекет, тұрғындардың осал топтарын қолдау, еңбекпен қамту, жаңа тұрғын үй саясаты, денсаулық пен білім беруді үздік әлеуметтік стандарттарға жеткізудің жолдары көрсетілген.
Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін бұрынғыдан да берік тұтастықта, бірлікте жұмыс істеу керек. Бағдарлама дағдарыстан шығатын тура жолды табуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол сілтейді.
Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |