ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісі болып өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы төрағалық етті. Алқа отырысына қала, аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, облыстық, қалалық және аудандық газет редакторлары қатысты.

Алқа мәжілісінде облыс бойынша ішкі саясат саласында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы басқарма басшысы Ж.Жылқышиева, аймақта бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілу барысы жайында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев, өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Алдабергенов хабарлама жасады. Сонымен қатар алқа мәжілісінде Қызылорда қаласы мен Арал, Шиелі аудандарының идеология саласындағы өткен жылы атқарған жұмыстары сараланды. Мәжіліске қатысушылар күн тәртібінде талқыланған мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдірді.

Жаңа жылдан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан Өңірлік коммуникациялар қызметіқұрылып, жұмыс жүргізетін болады.

Биыл Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамды» жүзеге асыру мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекеленетін қоғамдық-саяси мәні зор маңызды жыл. Алқа мәжілісін облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы қорытындылап, сала басшыларына алдағы атқарылар жұмыстар бағытында нақты міндеттер жүктеді.

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

БИЛІК 16 қаңтар 2016 г. 823 0