ТЫҢ СЕРПІЛІСТІҢ БАСТАУЫ

Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауы осы уақытқа дейін талқыланып, електен өтіп, соңында Елбасы Жарлығына сай наурызда өтетін болып бекітілді. Мұны мен Мемлекет басшысының, халық қалаулыларының ел болашағы үшін жасаған үлкен қадамы деп білемін. Сонымен қатар, дер кезінде, ұтымды қабылданған шешім болды. Себебі дағдарыстың салқыны есіп тұрған шақта бізге жаңаша бағыт, жаңаша идея, тың серпіліс қажет екендігі анық. Бұл өз кезегінде Президентіміздің 5 институционалды реформасын да жүйелі түрде жүзеге асыруды талап етеді. Сонымен қатар Елбасының былтыр 30 қарашада жариялаған Жолдауында да көптеген міндеттер жүктелді. Мұнда, әсіресе кәсіптік білім беру саласына ден қойғандығы осы саланың ардагері ретінде мені қуантты. Енді 2017 жылдан бастап елімізде кәсіптік-техникалық білім тегін берілетін болды. Бұл – жастарға үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, олардың қарапайым жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтарын оятып, еңбекқорлыққа баулиды деген үміт басым.

Міне, Елбасымыз ел болашағы үшін алдымызға анық мақсат қойып берді. Ендеше Мәжілістің, мәслихаттың енді жасақталатын жаңа құрамының алдында үлкен жауапкершілік пен міндеттер тұр. Олар соны сезініп, ел сенімін ақтайтындығына сенім мол. Ал ондай мықты саясаткерлерден құралған жаңа топты жасақтау Сіз бен Біздің қолымызда. Ел мүддесі жолындағы ерекше кезеңде халықтың бірлігі мен ұйымшылдығы тағы көрінеді деген сенімдемін.

 

Сексенәлі РАХАНОВ,

білім саласының ардагері.

БИЛІК 28 қаңтар 2016 г. 1 381 0