« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының Парламент депутаттарының Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бастамасын барлық қазақстандықтар қолдап, құптады. Бүгінде республика жұртшылығы мен барлық сала мамандары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында екшеленген 5 институттық реформаны белсенді іске асыруға кірісіп кетті. Осы кезектен тыс сайлауды өткізу туралы Жарлыққа қол қоюдың өзіндік маңызы бар. Бұл бастама елдің болашағына алаңдаған жаңашырлықтан туған батыл қадам деп санаймын.
Біз үшін қазір бірігіп, бір арнаға жұмылудың мәнісі зор. Нағыз сын уақыты осыны талап етеді. Осыған дейін алға жылжып, ілгерлеуімізге Парламент Мәжілісі зор еңбек сіңірген болатын. Олар заң шығарушылық мәртебесін ойдағыдай атқарып, өздеріне артылған сенімді толықтай ақтай алды деп айта аламын. Бұл үшін халық қалаулыларына алғыс айтамыз.
Енді уақыт талабы басқа. Жаңа құрам жасақталады. Олардың да алдында үлкен міндеттер күтіп тұр. Жаңа Мәжіліске ең алдымен елдің қамын күйіттейтін, намысты азаматтар сайлануы тиіс деп ойлаймын. Біз Мәңгілік ел болуға талпынған мемлекетпіз. Сондықтан осы мақсатты бірлесе жүзеге асыруға тиіспіз.
Жарқын болашақ жолында тынымсыз ізденістердің, тың күштердің, толымды қадамдардың қажет екенін ескерсек, кезектен тыс сайлау өткізуден ұтарымыз да көп болмақ. Президент Н. Назарбаевтың Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттер баршамызды қуатты да мықты ел болуға бастайтын кемел жол деп білемін.
Самұрат ИМАНДОСОВ,
«РЗА» АҚ президенті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |