« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын күллі ел жылы қабылдады. Жолдаудың осылай аталуының өзі бүгінгі күннің маңызды мәселелерін шешу жолдарын айқындап берді деуге толық негіз бар. Себебі, Жолдау – ел дамуындағы маңызды құжаттардың бірі.
Жаһандық дағдарыс белең алған қазіргі заманда кез келген дүниені үнемдеудің маңызы зор. Нұрсұлтан Әбішұлы дәстүрлі Жолдауы арқылы халықты үнемшіл болуға шақырды. Бүгінгі жаңа экономикалық жағдайдың пайдасыз шығындарды көтермейтінін баса айтты. Кезекті Жолдауда «Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделген жоспар» екендігін жеткізген Елбасы өсім мен даму үшін атқарылатын кешенді іс-шараларды нақтылап көрсетті.
Елбасының әрбір Жолдауының басты мақсаты – елдің береке-бірлігін нығайту болып табылады. Биылғы Жолдауды тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында елдің әл-ауқатын жақсарта түсу жолына негізделген құжат десек те болады.
Келе жатқан күрделі кезеңнің біз үшін еңсеру кезеңі болатынын жеткізген Елбасы жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз деген сенім білдіре отырып, біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне шығаратынымызды айтты.
Бұқара халықтың көкейінде көптен бері алаңдаушылық бар екені жасырын емес. Алайда биылғы Жолдау көпшіліктің күдігін сейілтіп, қандай жағдайда да еңбек арқылы бірлесе отырып, дағдарысты еңсеретіндігімізге көз жеткізгендей. Н.Назарбаев ел-халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауы арқылы жұртшылықты мазалаған мәселелерге сенімді жауап берді. Дағдарысқа қарамастан әлеуметтік міндеттемелердің толыққанды орындалатындығына тоқталды. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім саласы және «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 пайызға, ал әлеуметтік қамтамасыз ету 40 пайызға артады.
Ел Президентінің ұсынысы бойынша 2017 жылдан бастап «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске қосылмақ. Яғни, мұндай жоба арқылы Қазақстан жастары толыққанды жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Елбасы жастарға жұмысшы мамандықтарын меңгеруге бағыт берді. Мұның жастар үшін өмірлік тәжірибе ретіндегі маңызы зор екендігін айтып өтті. Жалпы ел Президенті жұмысшы мамандығы туралы бұрыннан шегелеп айтып келе жатыр. Осындай зор мүмкіндікті қолдана отырып, жас мамандар елге еңбек етсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Жолдау қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында жұмыс істеуге жол бастаушы болды. Әрі бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» айқындап берген жұмыстарды ел мүддесіне жұмсауға бағытталды.
Елімізде кәсіп жасап, табыс табуға мүмкіндіктер жасалған. Тек әр мүмкіндікті дұрыс, ретімен қолдана білу керек. Қазақ елінің ішкі мүмкіндігі қандай қиындықты да еңсеруге жетеді. Дегенмен, әрбір ел азаматы бүгінгі күні өзіне мақсат қойып, жоспар құра білуі тиіс. «Мен елім үшін не істеймін?» деген сауалды жиі қойып, оған жауап бере білуі қажет. Әрбір тиынды үнемдеп, жауапты кезеңнен шығуға ықпал жасай білу керек.
«Дағдарыс – өткінші, еліміздің тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы ғана мәңгі» деген Елбасы тұрақтылық пен ынтымағымызды сақтай отырып, бірлігі мығым Мәңгілік ел болуға шақырды.
Жолдауда айтылған нақты қадамдар арқылы еліміз әркез даму жолында болатындығына сенім мол.
Сұлтанбек ТӘУІПБАЕВ,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің директоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |