БІРТҰТАС ІС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың Қа­зақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбын қамтуы ерекше әсер қалдырды. Елбасы Жолдауда бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын атай келе, алпауыт елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегеніне қарамай еліміздің тек қана алға жылжитынын айтты.

Мемлекет басшысы мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап, экономикалық тәуекелдерге қарамастан, халықты әлеу­меттік қолдау шаралары жалғасатынын атап өтті.

Бұл Жолдауда дағдарысқа қарсы 7 қадам жасалғандығы, сонымен қоса, бес бағыт және құрылымдық реформалар аясында атқарылар іс ауқымы атап көрсетілді.

Бұдан бөлек, Елбасы шағын несие мәселесі де оңтайлы шешімін табуы тиістігін атап өтіп, осының бәріне Үкімет, жергілікті әкімдер баса назар аудару қажеттігін, барлық өңірлерде қызу жұмыс күтіп тұрғанын ескертті. Жолдауда көрсетілген барлық шараларды жүзеге асыруға 7,5 трлн теңге бөлінетіндігіне, осы қаражаттың әр теңгесі тиімді пайдаланылуы қажеттілігіне тоқталды.

Сонымен қоса, Үкіметке бюджеттік бағдарламалардың барлығын толық ревизиядан өткізуді тапсырып, енді тиімсіз шығындарды бюджеттен қаржы бөліп жабу тоқтайтынын жариялады. Елбасы бұдан да басқа өзекті мәселелердің шешімін айтты. «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», – дегені бүкіл Қазақстан халқының ойынан шықты деп ойлаймын.

 

Құттықожа ЫДЫРЫСОВ,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Нұр Отан» партиясы

Фракциясының мүшесі.

БИЛІК 10 желтоксан 2015 г. 1 679 0