« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруге арналған бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам” елімізді жаңа тұрғыдан дамытатын болады. Мұнда кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға арналған қадамдар көзделген.
Елбасы, "Нұр Отан” партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев партияның ХVІ съезінде сөйлеген сөзінде бес халықтық реформа туралы жан-жақты мәлімдеп, қазақстандықтардың алдына жаңа міндеттер қойған болатын. Елбасы басқа да басты бағыттарымен қатар, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде терең реформалар жүріп жатқандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Президент бүгінде сот жүйесінің әлсіз буыны – судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі-жиі соқтырып жататын судьяларды іріктеу, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының тиімсіздігі. Судьялар корпорациямен меңіреу тұмшаланбауы тиіс және қоғамдық сыннан тыс болмауы керек. Ашықтық – судьялар қатарындағы жемқорлықтан емдейтін дәрі, деп сот жүйесінің жалпы халыққа ашық болуы қажеттігіне тоқталды.
Елбасы өз сөзінде судьяларға қойылатын біліктілік талаптарын қатайту қажеттігін, судьялар корпусындағы орыннан үміткер кандидаттың нотариуста, полицияда немесе заңгерлік ЖОО-да емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиістігін, судьялыққа кандидаттар негізгі жұмысынан босатылған негізде және бір жылдан кем емес мерзімде соттарда өтетін сот тағылымдамасы үшін шарт ретінде қатаң тестілік іріктеуден өтуі тиістігін, кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі керектігін атап көрсетті.
Сол сияқты қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу де маңызды, одан табысты өткеннен кейін олардың үздіктері судьялыққа сайланады.
Қазақстанның сот жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар жасалып, сот жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуде. Халықтың сот саласына деген сенімі артып келеді. Оның ең бірінші дәлелі – соттарда қаралатын істердің жыл санап өсуі.
Сот жүйесінің алдына қойылған осы міндеттерді судьяларға жүктелген үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Сондықтан да судьялар қуымы бар күш-жігерін осы міндеттерді абыроймен орындауға бағыттайды деген сенімдеміз. Себебі, ертеңіміздің айқын болуы барша қазақстандықтармен қатар, судьялардың біліктілігіне, адалдығына байланысты.
Айнұр ӘБІЛҚАЙЫСҚЫЗЫ,
облыстық экономикалық соттың судьясы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |