МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ

 МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛЖыл сайынғы өткізілетін Патриоттар форумының биылғы жылы алатын орны ерекше. Өйткені, ол ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мерейтойлардың негізінде ел тыныштығына арқау болар Қазақстан халқының бірлігі жатқандығы айқын. Біз сол ауызбіршіліктің, еңбекқорлықтың, отансүйгіштіктің арқасында «Мәңгілік елді» бірлесе қалыптастырудамыз деген ойдамын. Форум барысында мінберге шығып жүрекжарды лебіздерін білдіргендердің сөзінен де бұл айқын көрінді.

«Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» республикалық Патриоттар форумына барлық аймақтан 2 мыңнан астам делегат қатысты. Форумға жиналғандардың пікірлерінен «Мәңгілік ел» идеясы ертеңге нық сеніммен қарауға зор мүмкіндік екендігі байқалып тұрды. Себебі, «Мәңгілік Ел» идеясы бізді қиын-қыстау замандардан алып шыққан және жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіретін тәжірибе мен барлық құндылықтарды жинақтайды. Сондықтан да еліміз үшін маңызды, осындай ауқымды тақырыпты арқау еткен жиыннан өте жақсы әсер алдым.

Мен кәсіпкер ретінде айтарым, бүгінде Қазақстан –тұтас аймақтағы тұрақты мекен, халықаралық мәселелерде белсенді мемлекет. Экономикасы да жүйелі дамып келе жатыр. Осының арқасында елімізде кез келген салада нәтижеге жету үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан да Қазақстанды Отан тұтатын азамат оның халқы мен елін құрметтей отырып, түрлі салада абыройлы қызмет атқарса, біз мәңгілік ел боламыз. Бәріміз ел дамуын қалаймыз және де сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етеміз. Менің ойымша, патриоттық сезім деген ол, міне осы – тұтас Қазақстанның дамуына атсалысу. Ал оны тек сөз жүзінде емес, іспен дәлелдеу қажет.

Мінажадин ӨТЕЕВ,

Қазалы аудандық мәслихатының депутаты,

«Сыр маржаны» ЖШС директоры.

БИЛІК 15 қазан 2015 г. 1 793 0