« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.Коржованың 2015 жылғы 8 қазандағы бұйрығымен және облыс әкімінің келісімі бойынша Дүйсенбаев Әуезбек Сейткамалұлы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Әуезбек Сейткамалұлы 1962 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін - экономист, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Сырдария аудандық ауылшаруашылық бөлімінің жұмысшысы ретінде бастаған. 1986-1990 жылдары – Сырдария аудандық қаржы бөлімінде экономист, ревизор-инспектор, бас салық инспекторы, 1990-2003 жылдары – Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы бойынша салық инспекциясында бөлім бастығы, Шиелі ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2003-2014 жылдары – Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің басқарма бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2014 жылдан Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |