« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақ елінің жауһар қаласы – Астана қаласының күні құрметіне 6 шілде күні «Кең дала» мейрамханасының алаңқайында балалар үшін «Жұлдызды қала – Астана» атты мерекелік шара өткізілді. Бұл шараны облыстық тарихи-өлкетану музейі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қолдауымен ұйымдастырды.
Балаларға арналған мерекенің бағдарламасы аясында асфальтқа сурет салудан байқау, жас дарынды бүлдіршіндердің қатысуымен концерт, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының фото- және жылжымалы көрмесі өтіп, музейге экскурсия жасалды. Шаттық пен қызыққа толы байқауларға №1 Қ. Мұхамеджанов атындағы, №187 М. Шоқай атындағы және Тасбөгет қыстағындағы №11 орта мектептердің оқушылары, сонымен қатар «Күнікей» және «Алпамыс» балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты.
Асфальтқа сурет салудан болған «Менің Астанам» байқауында балалар барлық қазақстандықтарға ортақ үй, Отанымыздың жүрегі – Астана қаласының келбетін өз қиялында сомдап, шебер бейнелеген. Білікті сарапшылардан құралған қазылар алқасы балалардың шығармашылық еңбектеріне - салған суреттерінің сыртқы формасы мен ішкі мазмұнының астасуына мән бере отырып, конкурс қорытындыларын шығарды. Таланты таңдай қақтырған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен «ПҚҚР» АҚ атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жер шарындағы жұмақ қаланың сәні мен салтанатын Ақгүлім Ағдам (1 орын), Қарақат Алтынбекқызы мен Айзере Қайратқызы (2 орын), Арайлым Абдуллаева, Нұрмахан Абдулла және Жансая Жанайдар (3 орын) өз еңбектерінде көркем үйлестіре білген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша,конкурстың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сәулеті мен дәулеті артқан ару қала Астананың көрікті жерлері туралы таным қалыптастыру, астанамыздың тарихына деген қызығушылықтары пен ой-өрісін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік дарыту және шығармашылық қабілеттерін шыңдау болып табылады.
«Күнікей» балабақшасы мен қалалық өнер мектебінің балғын өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама бастан-аяқ тартымды да әсерлі болды.
Көпшілік бір жерден тамашалауға ыңғайлы етіп жайластырылғансурет салу конкурсы мен концерт өткізілетін аумаққа орын тепкен «Астана – арман қала» фотокөрмесінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің архивінен алынған суреттер, сонымен қатар жергілікті фотосуретшілердің жұмыстары келушілердің назарына ұсынылған. Бұдан басқа, қала тұрғындары ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының жылжымалы көрмесіндеғі көз тартар туындыларды да көріп сүйсінді. Көрме экспонаттары қатарында туған өлкеміздің бай тарихы мен қазақ халқының ұлағатқа тұнып тұрған салт-дәстүрлері туралы сыр шертетін бірегей бұйымдары көз тартып тұрды.
Мағыналы да мазмұнды өткен шара соңы облыстық музейдің «Тәуелсіз Қазақстан» залына жасалған «Астана – ару қала» тақырыптық экскурсиясына ұласты.
Айдос АБСАТ.
Суреттерді түсірген Айгерім БЕКҚҰЛИЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |