БІЗДІ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРДІ

Бірлігі жарасқан халқымыз бірауыздан сайлаған Елбасын ұлықтау рәсімі Қазақстанның жаңа тарихындағы жаңа кезеңнің бас­тауы деп ойлаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі тұтастық пен тыныштықтың тірегіне айналған институт ретінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс білдірген болатын. Қазақ жерін киелі мекеніміз деп есептейтін өзге этностар  еліміздегі экономиканың, мызғымас татулық пен берік достықтың өркендеуіне мүдделіміз. Сондықтан Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ойды бүкіл елдің талқысына салды. Ассамблея ұсынысы күллі қазақстандықтардан қолдау тапты. Міне, бастама сәтімен жүзеге асып, Президент сайлауын өткіздік. Ел Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім артып, тағдырын тапсырды.
Елбасы бүгінгі салтанатта біздің еліміздегі көпұлтты қоғамды «Мәңгілік ел» құндылықтары біріктіретінін атап айтты. «Біздің қоғамның әртүрлілігі – біздің әлсіздігіміз емес, қуатымыз» деді. Қазақстан өз азаматтарының тең құқығын, тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп келеді.  
Қазақ жері тағдыр мен тарихи жағдайлар әсерінен көптеген ұлтты бауырына басты. Бірақ ұлттардың әралуандығы бізді бір-бірімізден алшақ­татқан жоқ, қайта біріктіре түсті. Елбасы осы жиында қазақтың ғасырлар бойы ұстанған «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле» деген даналығын мысалға келтірді.  Бiрлiк пен бейбiтшiлікті, ынтымақ пен ынсапты сақтасақ, біз алмайтын асу жоқ.
Елбасы әр сөзінде елдегі біртұтастық пен түсіністік біздің басты байлығымыз екенін айтып келеді. Расында бірлігі мығым ел қандай сынаққа да төтеп бере алады. Бұл жолда барлығымыз Елбасына қолдау көрсетіп, ұлы Отанымыздың шаңырағын биіктетуге күш салуымыз керек.
Гульчин ГЕЙДАРОВА,
түрік этномәдени орталығының жетекшісі.
БИЛІК 30 сәуір 2015 г. 2 424 0