« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сейсенбiде Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.
Отырыс жұмысына Саяси кеңес мүшелері – Үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Отырыста партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының жүзеге асырылу барысы қаралды, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды.
Мемлекет басшысы партияның, Парламент Мәжілісіндегі партиялық фракцияның сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асырудағы іс-қимылының үйлесімділігін атап өтті.
– 2017 жылға дейінгі кезеңге белгіленген міндеттердің 70 пайызы екі жарым жылдың ішінде орындалып қойды. Мәселен, партия 2017 жылға қарай кедейшілік деңгейін 6,1 пайызға дейін төмендетуді мақсат еткен еді. Бүгіннің өзінде бұл көрсеткіш екі есе төмен – 3 пайыз. Біз жұмыссыздық 5 жылда 5,4 пайызға дейін қысқарады деп жоспарладық. Қазірдің өзінде 5 пайыздық деңгейге жетіп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ барша қазақстандықтардың жұмыла жұмыс істеуінің арқасында еліміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
– Бүгінде Қазақстанның экономикалық қуаты Орталық Азияның барлық елдері экономикаларының жиынтық көлемінен 2 есеге асып түседі. ІЖӨ адам басына шаққанда 13,5 мың доллардан асты, бұл Шығыс Еуропаның көптеген елдерімен, Түркиямен, Малайзиямен, Бразилиямен деңгейлес, – деп атап өтті Елбасы.
Дегенмен, Президенттің айтуынша, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын сыбайлас жемқорлық көріністерге белсене қарсы тұру іс-қимылдарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді стратегия – «Нұр Отанның» «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысындағы көшбасшылығының түбегейлі мәселесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – экономикалық өсім үшін қажетті елеулі ішкі резерв, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ халық пен биліктің бірлігі елдің барлық жетістіктері мен болашаққа деген сенімінің табан тірейтін негізгі іргетасы болып саналатынын айтты.
– «Нұр Отан» Парламентте көпшілік орын алатын, Үкіметті құрап отырған халықтық партия ретінде осы бірлікті қамтамасыз етуші басты тетік рөлін атқарады. Біздің әрқайсымыз, әрбір нұротандық, белгілі бір нақты орында міндеттерді орындай отырып, бүкіл ел үшін жұмыс істейміз, – деді Мемлекет басшысы.
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2025 жылға дейінгі іс-қимыл бағдарламасы қабылданды.
Партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі Үкімет есебі бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев сөз сөйледі. Сонымен қатар партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және қадағалау туралы «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жетекшісі, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева баяндап берді.
Бұдан бөлек «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің, Шығыс Қазақстан облысы әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.Сапарбаевтың, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасы Д.Ерғожиннің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы А.Мырзахметовтің, «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры И.Сауэрдың баяндамалары тыңдалды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |