БАУЫРЛАС ҚОС ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ БЕРІК БАЙЛАНЫС

БАУЫРЛАС ҚОС ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ БЕРІК БАЙЛАНЫСЕлбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

 Шағын құрамдағы кездесу бары­сында сауда-экономикалық, ин­вес­­тициялық, отын-энергети­ка­­лық, көлік-транзиттік және мә­дени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәсе­лелері талқыланды.

Мемлекет басшылары халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар мен халықаралық ұйым­дар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде де пікір алмасты.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақ­стан­ның Қырғызстанға қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасына Қазақстанның көрсетіп отыр­ған қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.

Мемлекет басшысы сондай-ақ кездесу барысында А.Атамбаевқа елдеріміздің арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Кездесуден кейін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Рес­пуб­ликасының Жоғары Мемле­кетаралық Кеңесінің төртінші оты­рысы өтті. Отырыс барысында сауда-экономикалық, мәде­ни-гу­манитарлық ынты­мақтас­тықты әрі қарай тереңдету мен кеңейту міндеттерінің ауқымы анықталды. Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын пысықтау мәселелері де қозғалды.

Қазақстан Президенті Кеңес жұмысының 7 жыл ішінде маңызды шешімдер қабылдауға септігін тигізетін жоғарғы орган ретінде белсенділік көрсеткенін атап өтті.

– Қазақстан мен Қырғызстан түрлі халықаралық ұйымдарда, интеграциялық бірлестіктерде өз­ара іс-қимылды келісе отырып жүзеге асырады, сондай-ақ заманауи сын-қатерлерге, терроризм мен экстремизм қатерлеріне бірлесе қарсы тұрады, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің халқы көп жағынан жақын екенін және олардың парызы берік қарым-қатынастар орнату, сондай-ақ бұл баға жетпес мұраны келесі ұрпаққа жалғастыру болып саналатынына назар аударды.

Өз кезегінде Қырғыз Респуб­ликасының Президенті көрсетілген қолдау мен түрлі мәселелердің шешіміне атсалысуға әзірлік үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.

–Қырғызстан күрделі жағдайда тұр, елеулі энергетикалық проблемалар бар. Осы және басқа да көптеген мәселеде бізге көмек көрсетпек болып шешкеніңіз біздің жүрегіміз бен жадымызда әрдайым сақталады. Мұндай ықылас пен қолдауға бүкіл Қырғызстан халқы дән риза. Осы жылдар ішінде сіздің ел қандай секіріс жасағанын біз көріп отырмыз,– деді А.Атамбаев


 

ЕЛБАСЫНА СЫР ЕЛІНЕН ЖЕТКЕН ХАТ

Елбасына Қызылордадағы аграр­­лық сала өкілдері хат жолдады.

Өз хатында авторлар елі­міз­дің қарқынды дамуын және «Қазақстан-2050» стра­тегия­сының зор маңызын атап өткен.

«Онда қойылған міндеттер агроөнеркәсіп кешеніне үлкен серпін берді. Биыл Қызылорда фермерлері күріштің әр гектарынан 50 центнерден өнім жинап, тәуелсіздік кезеңіндегі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді», – деп мәлімдейді диқандар.

Авторлар өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру ісінде тамшылатып суғару секілді заманауи агротехнологиялар қолданылып жатқанын, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатынын жеткізген.

Сондай-ақ облыстағы өзге салалардың дамуына да назар аударып, Кіші Аралдың деңгейін көтеру арқасында балық өнімдерінің экспорты өскеніне және оның ТМД ғана емес, Еуропа елдеріне де экспортталатыны да баяндалған.

Авторлар ауыл шаруашылығы өндірісін әрі қарай дамыту үшін елімізде жүзеге асырылып жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының маңыздылығын да атап өткен. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу және алыс шетелдерге тасымалдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететіндіктен, саланың дамуына тың серпін беретін болады», – делінген хатта.
БИЛІК 08 қараша 2014 г. 1 101 0