ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫ СЫНЫМЕН КЕЛІСЕДІ

Елбасының Үкімет жұмысының үйлесімсіздігі туралы сынымен қазақстандықтардың басым бөлігі келіседі. Сауал салынған респонденттер арасынан Қазақстандағы бастамалардың тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асырылатыны туралы пікірді жиі естуге болады. Мұны бүгін, 5 қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская мәлімдеді.
Сараптамашының сөзіне қарағанда, институт жүргізген әлеуметтік сауалнама азаматтардың санасында Үкіметтің қауқарсыздығы туралы пікірдің берік ұялап қалғанын, олардың тарапынан Қазақстандағы істердің бәрі тек қағаз жүзінде жүзеге асырылатыны жайлы тұжырымдардың жиі айтылатынын көрсетіп берген. 
«Биылғы жылғы 26-31 қазан аралығында біздің институт Қазақстан тұрғындарымен телефон арқылы сауалнама жүргізді. Респондеттерге қойылған бірінші сұрақ «Соңғы жарты жылда мемлекеттік органдар өкілдері сіздің және сіз тұрып жатқан елді мекеннің мәселелерін білуге қызығушылық танытты ма?» болды. Ал сұралғандардың 18 пайызы ғана осыны растап жауап қайтарды», - ассоциация директоры. 
«Мемлекет қабылдап, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар көп жағдайда қоғамның мүддесіне жауап бере бермейді және тұрғындар сұранысын қанағаттандырмайды. Осылайша әрбір үшінші респондент өзін барынша мазаландыратын проблемалардың қатарында жемқорлық пен мемлекеттік органдардың нашар жұмысын атап көрсеткен. Сұралғандардың 41 пайызы денсаулық сақтау проблемасын, 24 пайызы жолдар құрылысының жайын, үштен бір бөлігі білім алу мен күнкөріс үшін табыс табу жағдайының жоқтығын, бестен бір бөлігі тұрғын үйге қол жеткізудің қиындығын алға тартқан. Егер тұтастай алар болсақ, сұралғандардың 85 пайызы Мемлекет басшысының Үкіметтің атына айтқан сын-ескертпелерімен толық келісетіндерін жеткізген. Тұрғында оларды шындыққа өзін өзі ақтайтын, шындыққа негізделген және барынша әділ деп есептейді. Көбіне-көп бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы тек қағаз жүзінде жүзеге асырылып жатқанын естуге болатын еді», - дегенді қосты Ю. Кучинская.
Бұдан басқа, «Үкімет әлеуметтік сауалнамаларды белсенді пайдаланушы болып табылады, алайда, бар мәселе мынада, ол мұндайда оның өздерін қанағаттандыратын оң нәтижелеріне көбірек жүгінеді. Ал келеңсіз сәттерді назардан шығарып жібереді», деп атап өтті ол. 
Айта кетуіміз керек, сауалдамада 14 аймақтың, Астана мен Алматының қала және ауыл тұрғындары қамтылды.

БИЛІК 06 қараша 2013 г. 1 703 0